• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мал шаруашылығын 2030 жылға дейін дамыту жөніндегі кешенді жоспар жобасы өңірлердің қатысуымен қаралды

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен кеңесте 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарының жобасы талқыланды. Кеңеске облыс әкімдерінің орынбасарлары, салалық мемлекеттік органдар мен салалық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Министр Мемлекет басшысы 2025 жылғы Жолдауында мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті қолдаудың заманауи қаржылық тетіктеріне басымдық бере отырып, жүйелі әрі тиімді кешенді жоспар қалыптастыру міндетін қойғанын атап өтті.

«Өңірлердің өкілдері де кіретін жұмыс тобы құрылды. АӨК дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысын қоса алғанда, 12 отырыс өткізілді. Жоспар жобасы толық дайын. Оның негізгі мақсаттары — ауыл шаруашылығы жануарларының басын көбейту, олардың өнімділігін арттыру және өндіріс көлемін ұлғайту. Бұл міндеттерді іске асыру жергілікті атқарушы органдардың белсенді қатысуынсыз мүмкін емес», — деді Айдарбек Сапаров.

Кешенді жоспардың басты басымдығы — саланы қолжетімді қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері бойынша асыл тұқымды мал сатып алуға жылдық 6% мөлшерлемемен ұзақ мерзімді жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасын іске қосу жоспарлануда.

Сондай-ақ мал шаруашылығы бағыттары бойынша шектеусіз айналым қаражатын толықтыруға арналған жылдық 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы көзделген. Бұл қаражат жем-шөп, жанар-жағармай материалдары, ветеринариялық препараттар сатып алуға және өзге де ағымдағы қажеттіліктерге бағытталуы мүмкін. Аталған тетік 2025 жылғы қыркүйектен бастап бордақылау алаңдары мен құс фабрикаларында сәтті қолданылып келеді.

Көшпелі мал шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударылды. Пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді айналымға тарту мақсатында жылдық 6% мөлшерлемемен бірыңғай кредиттік өнімді іске қосу жоспарлануда. Қаржыландыру жайылымдарды суландыруға, инфрақұрылымды дамытуға, мобильді вагончиктер сатып алуға және басқа да қажетті шараларға бағытталады. Қазіргі таңда мұндай жобалар Қостанай облысында және Ұлытау облысында табысты іске асырылуда.

Қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейту үшін өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды белсенді тарту көзделіп отыр. Барлық кредиттік бағдарламалар «Даму» институты арқылы кепілдік беру жүйесімен сүйемелденеді — өсімдік шаруашылығында қолданылып жүрген тетіктерге ұқсас.

Саланың өнімділігін арттыру мақсатында құжатта заманауи көбейту технологияларын дамыту қарастырылған. Атап айтқанда, ірі қара малдың эмбриондық көбейтуіне арналған мамандандырылған зертхана құру пысықталуда. Бұл жоғары өнімді мал басын жедел қалыптастыруға және отандық малдың генетикалық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Шаралардың жеке блогы кадрлық қамтамасыз етуге, мал шаруашылығы қызметкерлері үшін әлеуметтік жағдайлар жасауға, ветеринариялық қауіпсіздікті күшейтуге және ветеринариялық инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған. Сонымен қатар, мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық мүмкіндіктерін одан әрі кеңейту жоспарлануда.

Талқылау барысында облыс әкімдерінің орынбасарлары кредиттік бағдарламаларды іске қосу мерзімдері мен оларды қаржыландыру тетіктеріне қатысты сұрақтар қойды.

Өңір өкілдері құжаттың жүйелілігі мен практикалық бағыттылығын атап өтіп, оның саланы дамыту мен ауыл халқының әл-ауқатын арттырудың тиімді құралы болатынына сенім білдірді.

Кеңес қорытындысында малды қыстатуды ұйымдасқан түрде өткізу, АӨК-ті дамытуға арналған жергілікті бюджеттерді бекіту және көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері де талқыланды.

  • 23.01.2026
  • 6
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика