- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғын үй кезегінде тұрған 24 отбасыға Тұран шағынауданынан жалдамалы пәтер кілттерін табыстады.
Жаңа баспана көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға, ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған жанұяларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді.
Тұрғын үй қорын жаңарту және кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамту мүмкіндігін кеңейту жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мемлекеттік бағдарламаларды кезең-кезеңімен іске асыра отырып, тұрғын үй мәселесін біртіндеп шешуді жалғастыруда.
Жалдамалы тұрғын үй бөлу жұмысы белгіленген талап пен бекітілген тізімге сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Жыл басынан бері бөлінген 235 пәтердің 187-сі тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табысталды.
- 26.01.2026
- 5


