• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен БАӘ-нің жетекші компаниялары 20-ға жуық коммерциялық құжатқа қол қойды

Қазақстанның агроөнеркәсіптік экспортын дамыту және салаға инвестиция тарту мәселелері Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен дөңгелек үстел барысында талқыланды. Іс-шараға қазақстандық агробизнес өкілдерімен қатар Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия және Қытайдың іскер топтарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел министрдің Дубай қаласына жасаған жұмыс сапары аясында және Қазақстанның азық-түлік өнеркәсібі мен сусындар саласындағы ең ірі халықаралық Gulfood 2026 көрмесіне қатысуы шеңберінде ұйымдастырылды.

Айдарбек Сапаров БАӘ-нің Қазақстан үшін стратегиялық маңызын атап өтті.

«БАӘ Қазақстанның басым сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі саналады, ал ауыл шаруашылығы — екіжақты қатынастардың негізгі құрамдас бөлігі. 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік өнімдер тауар айналымы шамамен 7%-ға өсті, бұл ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылықтың бар екенін көрсетеді. Дөңгелек үстел ірі қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен БАӘ, Түркия, Қытай және Мысырдың іскер топтары арасында тікелей диалог орнату, сондай-ақ тұрақты іскерлік байланыстарды жолға қою мақсатында өткізілуде», — деді министр.

Шетелдік бизнес-қоғамдастық өкілдеріне Қазақстан АӨК-нің экспорттық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5,9%-ға артып, шамамен 20 млрд АҚШ долларына жетті. Айтарлықтай өсім соңғы бес жылда жеңілдетілген қаржыландыру көлемінің он есе ұлғаюының арқасында қол жеткізілді, 2025 жылы 3 млрд АҚШ долларына дейін, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 4 млрд АҚШ долларына жеткізу жоспарланып отыр.

Мемлекеттік қолдау мен заманауи агротехнологияларды енгізудің арқасында соңғы екі жылда рекордтық өнім жиналды: дәнді дақылдар — шамамен 27 млн тонна, майлы дақылдар — 4,8 млн тонна, бұршақ тұқымдастар — 1 млн тоннадан асты.

Өткен маркетингтік жылы астық экспорты 15,3 млн тоннаға жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 70%-ға өсті және соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды.

Көлік шығындарын субсидиялау арқылы Қазақстан жеткізу географиясын кеңейтіп келеді. Дәстүрлі нарықтар — Орталық Азия елдері, Қытай, Ауғанстан және Иранмен қатар Солтүстік Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия және Еуропа бағыттары ашылуда.

Қазіргі уақытта қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері әлемнің 70-тен астам еліне экспортталады.

Негізгі бағыттар бойынша Қазақстан әлемдік нарықта көшбасшы орындарды иеленіп отыр. Мәселен, дәнді дақылдар экспорты бойынша — 10-орын, ұн экспорты бойынша — 2-орын (1,7 млн тонна) және күнбағыс майы экспорты бойынша — 8-орынға (600 мың тонна) тұорақтады. Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты екі есе өсіп, 6 млрд АҚШ долларынан асты.

Мал шаруашылығы саласы да тұрақты өсім көрсетуде. 2025 жылы Қазақстан алғаш рет 91,3 мың тонна ет экспорттады, оның ішінде 29,4 мың тонна қой еті бар. Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары ет өнімдері экспорты көлемін екі есе арттыруды көздейді.

Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық белсенділік артып келеді: саланың негізгі капиталына салынған инвестициялар 53%-ға өсіп, 3,2 млрд АҚШ долларына жетті. Қазақстан PepsiCo, Mars, Fufeng Group, Lihua, Al Ghurair Group және басқа да халықаралық компаниялардың өндірістерін кеңейту алаңына айналуда.

«Біздің еліміз азық-түлік қауіпсіздігін тек ішкі міндет ретінде ғана емес, жаһандық тұрақтылыққа қосып жатқан үлес ретінде қарастырады. Біз ұзақ мерзімді және жүйелі халықаралық ынтымақтастыққа, логистиканы дамытуға және ашық әрі тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз етуге баса назар аударамыз», — деді Айдарбек Сапаров.

Одан әрі Gulfood 2026 көрмесі аясында қатысушылар 30-дан астам қазақстандық компанияның өнімдерімен кеңінен таныса алатынын атап өтті.

Өз кезегінде БАӘ, Оман, Мысыр, Түркия және Қытай бизнес өкілдері ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды іске асыру бойынша бірқатар бастамаларды ұсынды.

Іс-шараның басты нәтижесі коммерциялық құжаттарға қол қою рәсімі болды. Дөңгелек үстел қорытындысында жалпы сомасы 335 млн АҚШ долларын құрайтын шамамен 20 ынтымақтастық келісіміне қол қойылып, қатысушылар қол жеткізілген уағдаластықтар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге берік негіз болатынына, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы халықаралық әріптестікті нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

  • 03.02.2026
  • 11
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика