• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Агенттік 2025 жылғы тұрақты AQR нәтижелерін ұсынды

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік)  2025 жылғы Банк секторы активтерінің сапасын тұрақты бағалау (Asset Quality Review, AQR) нәтижелері бойынша есепті жариялады. Есепте тұрақты AQR нәтижелеріне негізделген несиелік тәуекелдің ағымдағы деңгейіне егжей-тегжейлі талдау берілген.

2025 жылы Агенттік 1 қаңтар 2025 жылы жағдай бойынша банк жүйесінің активтері 86%-ды құраған 11 ірі банктің арасында тұрақты AQR өткізді. Бағалау көлемі 32,8 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,7%-ға артық. Берешектің негізгі бөлігі кепілсіз тұтынушылық қарыздарға (11 трлн теңге), сондай-ақ ірі бизнеске (4,7 трлн теңге), шағын бизнеске (4,5 трлн теңге) және инвестициялық жобалардың (3,6 трлн теңге) қарыз портфельдеріне тиесілі.

Жеке негізінде 1 299 ірі қарыз алушы, сондай-ақ, 580 қосалқы қарыз алушы мен кепілгер бағаланып, жалпы қарызы 9,9 трлн теңгені құрады. Жалпы сомасы 22,9 трлн теңге 37,7 млн қарыз ұжымдық негізде талданды.

Тұрақты AQR нәтижелері сектордың жүйелік деңгейдегі тұрақтылығын растады: 11 банк бойынша капиталдың жеткіліктілік деңгейі 17,7%-ды құрады, бұл белгіленген нормативтік ең төменгі деңгейден едәуір жоғары.

Банктер мен AQR арасындағы резервтерді бағалаудағы айырмашылық 377,4 млрд теңгені құрады. Екінші сатыдағы берешектер 678,1 млрд теңгеге, 1,4%-дан 3,5%-ға дейін ұлғайды, ал үшінші сатыдағы берешектер 422,4 млрд теңгеге, 7,5%-дан 8,7%-ға дейін ұлғайды.

Осылайша 2024 жылғы тұрақты AQR-мен салыстырғанда бағалаудың нәтижелері жақсарды: банктердің несие портфелі өсуіне қарамастан, резервтер бойынша түзетулер 37,7 млрд теңгеге азайды. Сондай-ақ үшінші сатыдағы берешектер үлесінің 1,1 п.т. төмендеуі байқалады.

2025 жылғы тұрақты AQR қорытындылары бойынша банктердің кредиттік портфелінің сапасы жақсарғаны байқалады, бұл үшінші сатыдағы қарыздардың үлесінің төмендеуімен және қосымша провизиялар көлемінің қысқаруымен көрініс табады. 2024 жылғы AQR-мен салыстырғанда қосымша провизиялардың ең елеулі төмендеуі инвестициялық қарыздар портфелі бойынша тіркелді (61,6 млрд теңгеге), бұл негізінен ұжымдық негізде бағаланатын қарыздар есебінен орын алды. Аталған динамика Агенттіктің LGD параметрлерін есептеу жөніндегі ұсынымдарын енгізумен және портфель бойынша дефолт ықтималдығының (PD) жалпы төмендеуімен байланысты, бұл кредиттік тәуекелдерді бағалау сапасының артқанын растайды.

2025 жылғы тұрақты AQR есебінде портфельдер, бағалау әдістері, экономика салалары және тәуекел көрсеткіштері бойынша егжей-тегжейлі нәтижелер берілген, сондай-ақ, өткен жылғы бағалау нәтижелерімен салыстырғанда ұсынылған.

Есеп алғаш рет әрбір банк бойынша нәтижелерді қамтитын жеке бөліммен толықтырылды. Деректерді жекелеген банктер бөлінісінде ұсыну қадағалау ақпаратының ашықтығын арттыруға және банк секторындағы кредиттік тәуекел деңгейі туралы неғұрлым толық әрі салыстырмалы түсінік қалыптастыруға бағытталған. Аталған тәсіл сондай-ақ қадағалау қорытындыларының ашықтығын арттыруға және Агенттіктің нарық қатысушыларымен өзара іс-қимылының сапасын жақсартуға ықпал етеді.

  • 06.02.2026
  • 7
Әбілқасымова М.Е.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

Әбілқасымова М.Е.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика