- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Президенттің тапсырмасы: сақтандыру секторын дамытудың негізгі бағыттары дөңгелек үстелде талқыланды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың сақтандыру нарығының серпінді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауға кірісті. Агенттік Ұлттық Банкпен бірлесіп, Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының Сақтандыру қызметі туралы жаңа заңының жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шараға Агенттіктің, Ұлттық Банктің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының және сақтандыру ұйымдарының басшылығы қатысты.
Бағдарлама мен жаңа Заңды әзірлеу 2026 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылатын болады.
Сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасын әзірлеудің негізгі мақсаты – сақтандыру секторының ұлттық экономиканы дамытудағы, әсіресе бүгінгі күні тәуекелдер мен қаржылық міндеттемелердің едәуір бөлігі мемлекетке жүктелген салалардағы үлесін күшейту. Сақтандыру мемлекеттің, азаматтардың және бизнестің ықтимал тәуекелдер үшін ортақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудың маңызды институты болуға тиіс.
Толығырақ: Президенттің тапсырмасы: сақтандыру секторын дамытудың негізгі бағыттары дөңгелек үстелде талқыланды
- 13.02.2026
- 9


