• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
А. Сапаров: Аграрлық ғылым экономикаға қызмет етуі тиіс

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен аграрлық ғылымды дамыту және ғылыми ұйымдардың қызмет тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі кеңес өтіп, оған Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының, оның еншілес ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары, салалық департаменттер мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.

Министр өз сөзінде Мемлекет басшысы 2023 жылғы Жолдауында аграрлық ғылымды дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдауды және оның нәтижелерін өндіріске енгізуді тапсырғанын атап өтті.

«ҰАҒБО-ны бірізді өндірістік тізбекті қамтитын агротехнологиялық хабқа айналдыру жөнінде стратегиялық міндет қойылды. Содан бері біраз уақыт өтті. Белгілі бір жұмыстар атқарылғанымен, әзірге жүйелі нәтиже байқалмайды. Бүгін аграрлық ғылымның дамуын тежеп отырған факторларды ашық талқылап, оларды жоюдың нақты қадамдарын айқындау қажет»,- деді Айдарбек Сапаров.

Одан әрі Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Өткен жылы 2024–2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында 34 ғылыми-техникалық бағдарлама жүзеге асырылды. Оның ішінде 26 бағдарлама ҰАҒБО-ның еншілес ұйымдары тарапынан қолға алынған.

Селекция және тұқым шаруашылығын дамыту шеңберінде 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспар бекітілді. Бағдарламаларды орындау қорытындысы бойынша мемлекеттік сорт сынағына 108 жаңа сорт пен будандар ұсыну жоспарлануда.

Министр олардың нарықтағы сұранысы мен экономикалық тиімділігін нақты бағалау қажеттігіне ерекше назар аударды.

Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелеріне де зор көңіл бөлінді.

АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінде тұқым өндірісі, сертификаттау және өткізу үдерістеріне жүйелі қадағалау жүргізетін, сондай-ақ субсидиялау рәсімдерінің ашықтығын арттыратын бейінді басқарма құрылды.

ҰАҒБО Басқарма төрағасы Бауыржан Асанов 2026 жылы 110,5 мың гектар алқапқа егіс жүргізу көзделіп отырғанын, әсіресе, майлы және мал азықтық дақылдардың үлесі артатынын хабарлады. Тұқымдық егіс алқаптары 66,8 мың гектарға дейін ұлғайып, жалпы егіс көлемінің 60%-ын құрайды.

2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі Кешенді жоспар аясында ҰАҒБО-ның еншілес ұйымдары мен бейінді оқу орындарының базасында мал шаруашылығы саласы бойынша 17 құзырет орталығы құрылмақ.

Кеңес барысында ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды күшейту, кадрлық әлеуетті нығайту, материалдық-техникалық базаны жаңарту және ғылым мен агробизнес арасындағы өзара іс-қимылды арттыру қажеттігі секілді жедел шешім талап ететін бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.

Қорытындылай келе, Айдарбек Сапаров ғылыми әзірлемелер нақты экономикалық нәтиже беруі керектігін баса айтты.

«Әрбір ғылыми-техникалық бағдарлама саланың дамуын шынайы табысқа жеткізуі тиіс. Міндеттерді орындау барысында көзбояушылыққа жол берілмейді. Аграрлық ғылымға қатысты барлық мәселені тікелей өз бақылауымда ұстайтын боламын», — деді министр.

Кеңес қорытындысында салалық департаменттер мен ҰАҒБО-ға Кешенді жоспарлар аясындағы іс-шараларды сапалы жүзеге асыру, көктемгі дала жұмыстарына дайындықты өз уақытында бастау, аграрлық сала өкілдеріне арналған ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ инвесторларды тарта отырып жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету тапсырылды.

  • 25.02.2026
  • 4
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика