• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айдарбек Сапаровқа Қазақстандағы тұңғыш агротехнопарк таныстырылды

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өткен селекция және тұқым шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес аясында еліміздегі бірінші агротехнопарк таныстырылды.

Агротехнопарк құру университеттің аграрлық ғылымды дамыту, практикалық бағыттағы білім беруді жетілдіру және экономиканың нақты секторымен біріктіру саласындағы жүйелі жұмысының заңды жалғасы деуге болады.

Агротехнопарктің басты мақсаты — бизнес-инкубация, инновациялық компанияларды қолдау және АӨК саласындағы жоғары технологиялық жобаларды дамыту үшін заманауи орта құру. Орталық агротехнологияларды сынақтан өткізуге және көрсетуге, жобаларды ғылыми-зерттеу кезеңінен нарыққа дейін сүйемелдеуге, бизнес үшін технологиялық тәуекелдерді азайтуға және инновацияларды лабораториядан өндіріске тезірек жеткізуге арналған.

Тағы бір маңызды бағыт — халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты дамыту.
Айдарбек Сапаров орталықтың инфрақұрылымы, лабораториялық базасы және өндірістік-инженерлік мүмкіндіктерімен танысты. Агротехнопарктің жалпы ауданы шамамен 1000 шаршы метрді құрайды. Оның құрылымында тәжірибелік және пилоттық жұмыстарға арналған металл өңдеу цехы бар өндірістік-инженерлік блок, резиденттерге арналған кеңсе кеңістігі, сондай-ақ толық циклді лабораториялық кешен қарастырылған.

Сондай-ақ, құрамына ауыл шаруашылығы дақылдарын молекулалық-генетикалық зерттеу, агробиотехнология және микробиология зертханалары, физика-химиялық талдау, сынама дайындау және аналитикалық зерттеуге арналған Қазақстан–Австралия инновациялық орталығы кіреді.

Айдарбек Сапаров агротехнопарк - аграрлық ғылымды жаңғырту және ғылыми зерттеулерді тиімді нарыққа шығару жүйесін құрудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда ғылыми шешімдердің лаборатория қабырғасында қалмай, ауыл шаруашылығы өндірушісіне жетуі және нақты экономикалық нәтиже беруі өте маңызды. Агротехнопарк ғалымдар мен агробизнес өкілдерін байланыстыратын көпір болуға тиіс», — деді министр.

Университет ректоры Қанат Тіреуов өз сөзінде агротехнопарк АӨК саласында технологиялық кәсіпкерліктің жаңа мәдениетін қалыптастыру, жаңа буын мамандарын дайындау және ғылыми зерттеулерге инвестиция тарту үшін жағдай жасайтынын атап өтті.

«Орталық жас ғалымдар, стартап-командалар және бәсекеге қабілетті отандық технологияларды жасау мен енгізуге қызығушылық танытқан индустриалды серіктестер үшін ынтымақтастың алаңына айналады», — деді ректор.

Агротехнопарктің қызметі ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын, заманауи биопрепараттар мен инженерлік шешімдерді нарыққа жылдам шығару, агроөндірістің өнімділігі мен тұрақтылығын арттыру, сондай-ақ отандық АӨК экспорттық әлеуетін нығайту үшін маңызды рөл атқармақ.

  • 25.02.2026
  • 4
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика