- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Президенттің тапсырмасы: бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізгі бағыттары дөңгелек үстел барысында талқыланды
Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменов пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымованың басшылығымен Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын және Бағалы қағаздар нарығы туралы жаңа заң жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Агенттіктің, Ұлттық Банктің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Қазақстан қор биржасының басшылығы және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар қатысты.
Қор нарығын дамыту бағдарламасын әзірлеудің негізгі мақсаты – халықаралық стандарттар мен экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес келетін капитал нарығының заманауи, бәсекеге қабілетті және орнықты моделін құру.
Толығырақ; Президенттің тапсырмасы: бағалы қағаздар нарығын дамытудың негізгі бағыттары дөңгелек үстел барысында талқыланды
- 27.02.2026
- 3


