- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қаржылық мониторинг агенттігінде жетекші заңгер-ғалымдар - Марат Қоғамов және Серік Рахметовпен кездесу өтті
Кездесу барысында қонақтар Агенттік қызметінің негізгі нәтижелерімен таныстырылды. Тергеу қызметін цифрландыру және заманауи талдау құралдарын енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов ғалымдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасын дамытуға қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ заманауи құқық қолдану практикасын қалыптастыруға белсенді атсалысқаны үшін алғыс білдірді.
Агенттік заңнаманы жетілдіру және экономикалық құқық бұзушылықтарды тергеу сапасын арттыру мақсатында ғылыми қауымдастықпен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуды жалғастырады.
- 04.03.2026
- 5


