• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстандық сарапшылар материалдық емес мәдени мұра бойынша азиялық жобаға қатысуда

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 15 наурызы – Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитет Азия-Тынық мұхиты өңірі (АТМӨ) елдерінің материалдық емес мәдени мұрасы бойынша ақпарат алмасу және тарату мақсатында құрылған ichLinks халықаралық цифрлық платформасы жобасының серіктес ұйымына айналды.

ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия Хатшылығы онлайн платформаның ашылу салтанатына орай ұйымдастырушылар мен қатысушыларға құттықтау жолдады. Қазақстан тарапы әлем халықтарының ұжымдық жады мәдени сәйкестікті, өткен мен болашақ арасындағы сабақтастықтысақтау үшін өте маңызды екендігін атап өтті.

Ichlinks.com платформасы материалдық емес мәдени мұраның (МЕММ) мыңнан астам элементтері туралы ақпаратты қамтиды және адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасын сақтау саласындағы ірі ғылыми-зерттеу институттары жариялаған кітаптарды, бейне және аудио материалдарды, сараптамалық ақпаратты қосымша зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сандық платформада алдағы және өткен конференциялар, семинарлар мен оқиғалар туралы өзекті ақпарат жарияланады.

Жоба Корея Республикасы үкіметінің қаржылық қолдауымен ЮНЕСКО-ның АТМӨ елдеріндегі МЕММ туралы ақпарат алмасу орталығының (ICHCAP) базасында іске асырылды.

Қазақстан атынан МЕММ жөніндегі ұлттық комитет Малайзияның өнер және мәдениет қызметкерлерінің қауымдастығы (MACPA), Моңғол ұлттық мәдени мұра орталығы (NCCH), Вьетнамның Мәдениет және өнерді зерттеу институты (VICAS), Өзбекстанның мәдениет мекемелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік орталықпен қатар платформаға қосылған алғашқы серіктес ұйымдардың қатарына кірді.

Бүгінгі таңда Қазақстанның МЕММ 11 элементі ЮНЕСКО жүргізетін Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілген. Олардың арасында домбырамен күй орындау өнері, қазақ күресі, асық ойыны және атбегілердің көктемгі жоралғылары. Тізімде түркі, Орталық Азия және басқа да халықтарға ортақ мұраның элементтері бар: құсбегілік, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі, Қорқыт ата мұрасы, айтыс, тоғызқұмалақ, киіз үй жасау және жинау дағдылары, қатырма жұқа нан жасау мәдениеті.

Мәдени мұраны цифрландыру және оған жеке тұлғалардың, зерттеу мекемелері мен туристік қауымдастықтардың кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету мәдени бірегейлікті сақтауға, ұлттық жадыны қалыптастыруға және еліміздің мәдени және этникалық әртүрлілігі туралы білімді таратуға ықпал етеді.

Қазақстан ЮНЕСКО-ның МЕММ қорғау туралы конвенциясына 2011 жылы қосылды. Мәдениет және спорт министрлігі жүргізетін МЕММ ұлттық тізбесі 50-ден астам элементтерден тұрады және үнемі толықтырылып отырады. Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитет 2012 жылы ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы жанынан құрылды. Комитеттің бірінші төрағасы Мұрат Әуезов болды. Қазіргі уақытта комитетті академик Мырзатай Жолдасбеков басқарады. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының ережесіне сәйкес оның жұмыс органы ҚР СІМ болып табылады.

  • 30.03.2021
  • 287
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика