- Блогтар
- Әбілқасымова М.Е.
Әбілқасымова М.Е.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы
Қаржы секторының өкілдері Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшылығы Мемлекет басшысы бастамашылық еткен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістерді талқылауға арналған Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен және қаржы секторының өкілдерімен өткен кездесуге қатысты.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова, «Қазақстан микрокаржы ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ кеңесінің төрағасы Ербол Омарханов, «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияның мүшелері, сондай-ақ екінші деңгейлі банктердің, сақтандыру және микрокаржы секторларының, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін, оның елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызын, сондай-ақ ұсынылып отырған конституциялық нормалардың қаржы секторын дамыту үшін тұрақты құқықтық және институционалдық ортаны қалыптастыруға ықпалын талқылады.
- 13.03.2026
- 8


