- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Ғылым және жоғары білім министрі Google компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Google компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, тараптар жоғары білімді цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Кездесу барысында Google өкілдері білім беру үдерісін трансформациялауға және оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған Google for Education бастамаларын таныстырды. Әсіресе Gemini және NotebookLM сияқты заманауи ЖИ құралдарын енгізуге ерекше назар аударылды. Бұл құралдар білім беру үдерістерін кеңейтуге, оқытушылар мен студенттердің өнімділігін арттыруға, сондай-ақ деректердің жоғары деңгейде қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
gov.kz
- 17.03.2026
- 7


