- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстан мен РҒА-ның Сібір бөлімшесі ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты нығайтып жатыр
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің делегациясымен кездесу өткізді. Делегацияны РҒА вице-президенті Валентин Пармон бастап келді. Делегация құрамына сондай-ақ Новосібір мемлекеттік университетінің, Томск ұлттық зерттеу орталығының, РҒА Сібір бөлімшесінің Ядролық физика институтының және Экономика және өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру институтының өкілдері кірді.
Келіссөздер барысында екіжақты ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша серіктестікті одан әрі тереңдету және бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде, соның ішінде энергетика, медицина, экология және жоғары технологиялар сияқты басым бағыттарда келісімдерге қол жеткізілді.
- 18.03.2026
- 4


