- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Сауда министрлігі Дүниежүзілік тұтынушыларды қорғау күнін мерекелеу аясында ҮЕҰ-мен ашық кездесу өткізді
Ағымдағы жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Сауда және интеграция министрлігінде Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні аясында тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Тұтыну құқықтарын қорғау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін наградаларды Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Ержан Қазанбаев табыс етті.
"Өткен жылы ведомствоға 30 мыңға жуық азамат жүгінген. Біз 10000-ға жуық адамның бұзылған тұтынушылық құқықтарын қалпына келтіруге көмектестік, сондай-ақ шамамен 10000 азаматқа заңнама нормалары бойынша түсініктеме бердік. Қабылданған шаралар қазақстандықтарға 249 млн. теңгені қайтаруға мүмкіндік берді", - деді Ержан Қалдыбайұлы.
Ол үкіметтік емес сектордың тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы маңызды рөлі туралы айтты. Елімізде осы салада 50-ден астам қоғамдық бірлестік жұмыс істейді. Олардың барлығы тұтынушылық құқықтарды қорғау деңгейін арттыруға ықпал етеді. Уәкілетті орган тарапынан қоғамдық бірлестіктермен тығыз өзара іс-қимыл орнату бойынша шаралар қабылдануда.
Бұған 2021 жылғы ақпанда ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен елдің 15 өңірінде тұтынушылардың 30 қоғамдық бірлестігінің мүдделерін білдіретін "Қазақстан тұтынушыларының республикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюды мысал ретінде келтіруге болады.
Мемлекеттік органдармен бірлесіп, министрліктер мен әкімдіктер жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрамына тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктерді қосу бойынша жұмыс жүргізілуде.
"Біз 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан қоғамдық бірлестіктер басшыларының қолдауына үміттенеміз, олар барлық заңнамалық олқылықтар мен құқық қолдану тәжірибесіндегі әртүрлі түсіндірулерді жақсы біледі", - деп атап өтті Ержан Қазанбаев.
Ол қатысушыларды Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнімен құттықтап, қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне алғыс хаттар табыс етіп, олардың тұтынушылық құқықтары мен азаматтардың әл-ауқатын қорғау жөніндегі күнделікті практикадағы қажырлы, адал жұмысын атап өтті.
Тұтынушылық құқықтарды қорғау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін:
Әбенов Мұрат Абдуламитұлы
|
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау коалициясының төрағасы
|
Ахметжанова Баян Теміртасқызы
|
"Тұтынушылар лигасы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы |
Джагпарова Тұрсын Баткенқызы
|
"Әділет" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары
|
Сергей Геннадьевич Федосеев
|
"Атакент-Адам" қоғамдық бірлестігінің төрағасы
|
Әліқақпар Болатұлы Мәтішев
|
"Сапа" қоғамдық бірлестігінің төрағасы
|
Момышев Серік Сатыбалдыұлы |
"Сатыбалды" қоғамдық бірлестігінің төрағасы |
- 30.03.2021
- 174