- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Шымкент қаласында тұрғын үй қорын кеңейтуге және баспана кезегіндегі азаматтарды қолдауға бағытталған бағдарламалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Кезекті жұмыстың аясында Асар-2 шағынауданында тағы 30 отбасыға жалдамалы пәтерлердің кілтті табысталды.
Салтанатты іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, баспаналы болған азаматтарды құттықтады. Мегаполис басшысы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды кезең-кезеңімен іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Бұл пәтерлер коммуналды тұрғын үй қорынан бөлініп, әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға ұсынылып отыр. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, толық емес отбасылар және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар бар.
- 03.04.2026
- 4


