• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
QazTrade шағын және орта экспорттаушы кәсіпорындарды қолдау бағдарламасын іске қосады

«QazTrade» АҚ халықаралық сауда орталығы/International Trade Centerмен (ITC) бірлесіп, экспорттық менеджмент саласында оқыту (коучинг) жөніндегі бастаманы іске асыруға кірісті. Бағдарлама кәсіпорындардың иелеріне олардың экспорттық операцияларын басқару кезінде туындайтын күнделікті мәселелерді шешуге көмектесуге арналған.

Барлық оқыту тегін негізде өтеді!

Бұл бастама трансшекаралық талаптардың ашықтығын арттыру, нормативтік және рәсімдік кедергілерді жою, сауда формальдылықтары мен стандарттарын сақтау үшін бизнес-мүмкіндіктерді күшейту, шағын және орта кәсіпорындардың трансшекаралық талаптарды сақтау мүмкіндіктерін жақсарту, сондай-ақ трансшекаралық электрондық коммерцияны жақсарту жолымен Орталық Азия елдерінде өңірішілік және халықаралық сауданы ілгерілетуге бағытталған Ready4Trade-Central Asia үлкен жобасының бір бөлігі болып табылады.

Жобаның Қазақстандағы стратегиялық серіктесі - QazTrade компаниясы.

Экспортты басқару саласындағы коучинг бағдарламасына өзінің экспорттық қызметін дамытуға мүдделі отандық шағын және орта бизнес (ШОБ) кәсіпорындары қатыса алады.

Оқытуды импорт/экспорт, сертификаттау, жүктерді экспедициялау және логистика саласында мол практикалық тәжірибесі бар жергілікті мамандар жүргізетін болады. Барлық мамандар ITC коучинг әдістемесі бойынша оқытылды және экспортты басқару бойынша коуч болып табылады.

 

Оқыту бағдарламасы 5 күндік жеке консалтингтен тұрады. Коучинг тақырыбы ШОБ үшін әдетте қиындық тудыратын 5 (бес) негізгі бағытты қамтиды: тауарды буып-түю және таңбалау, сертификаттау, кедендік рәсімдер, халықаралық тасымалдау, сондай-ақ экспортты жоспарлау және шоттарды ұсыну.

Барлық оқыту бенефициар - ШОБ кеңсесінде жүргізіледі.

 

Қазіргі уақытта QazTrade және ITC коучинг бағдарламасына қатысу үшін компанияларды іріктеуді жүргізуде.

Коучинг жобасы шеңберінде барлығы 40 отандық компания іріктеліп алынады, оларға 2021 жыл ішінде кәсіби коучинг қызметі ұсынылады.

Коучинг миссиялары аяқталғаннан кейін кәсіпорындар үшін коучинг қызметтерінің тиімділігі мен пайдасын бағалау мақсатында компанияларға сауалнама жүргізілетін болады.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үміткерлерді іріктеу кезінде әйел кәсіпкерлер басқаратын шағын және орта бизнеске басымдық беріледі.

 

Үміткерлерден өтініштер 2021 жылдың 12 сәуіріне дейін қабылданады.

Үміткерлерді іріктеу төменедегі сілтеме бойынша онлайн сауалнама негізінде жүргізіледі:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdoWCmZOh7RIq2oMNGgtlWnOoOScwqveRpGTCHB07KTvYROtA/viewform?usp=sf_link 

Ready4Trade - Орталық Азия жобасын Еуропалық Одақ (EU) қаржыландырады және халықаралық сауда орталығы (ITC) жүзеге асырады.

 

Ready4Trade-Central Asia жобасы туралы қосымша ақпаратты intracen.org/Ready4Trade сайтынан алуға болады

  • 30.03.2021
  • 256
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика