- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстанда Әзербайжан жоғары оқу орындарының көрмесі басталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub инновациялық орталығында «Study in Azerbaijan» атты Әзербайжан жоғары оқу орындарының халықаралық көрмесі салтанатты түрде ашылды. Екі күнге жоспарланған шара екі ел арасындағы білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуды көздейді.
Көрменің ашылу рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев, сондай-ақ екі мемлекеттің жетекші ЖОО ректорлары мен білім саласының сарапшылары қатысты.
- 06.04.2026
- 6


