- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Жетісу университеті базасында Marche Polytechnic University филиалы толық заңды мәртебеге ие болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі маңызды бастама Жетісу өңірінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері ескеріле отырып, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында Италияның беделді жоғары оқу орны – Marche Polytechnic University филиалы ашылған болатын.
Жобаны іске асырудың маңызды кезеңдерінің бірі ретінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында ашылған Marche Polytechnic University филиалы ҚР Әділет министрлігінде 2026 жылғы 2 сәуірде ресми түрде тіркеліп, оның толық заңды мәртебесін растайтын құжат табысталды. Құжатта филиалдың заңды мекенжайы айқындалып, басшысы тағайындалды.
- 07.04.2026
- 8


