• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ертаев А. М.
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Астанада еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның (РҮК) жұмыс тобының отырысына қатысты. Отырыс барысында қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен осы жылдың соңына дейін жұмыс тобына төрағалық ету «PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясына ресми түрде бекітілді.

Кездесу барысында жұмыс беруші мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынастарды реттеу жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды. Аталған мәселе шеңберінде министр азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарға қойылатын жаңа заңнамалық талаптар туралы ақпарат берді. Бұл талаптар оларды еңбек қатынастарынан нақты ажыратуға және жұмыскерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ әлеуметтік әріптестердің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында РҮК туралы ережені жаңарту қажеттігі – талқылаудың маңызды тақырыптарының бірі болды. Қатысушыларға аталған құжатты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу ұсынылды. Атап айтқанда, комиссия жұмысына өзге де мемлекеттік органдарды тарту тетігін ережеде бекіту мүмкіндігі қарастырылуда, себебі күн тәртібіне шығарылатын кейбір мәселелер бір ғана ведомствоның құзыретімен шектелмей, кешенді түрде қарауды талап етеді.

Бұдан бөлек отырыста 28–30 сәуірге жоспарланған KIOSH-2026 еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық конференциясы мен көрмесіне дайындық барысы қаралды. Іс-шараға 8 елден делегациялар мен 90-ға жуық компанияның қатысуы күтілуде. Алдағы іс-шараның негізгі тақырыбы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы цифрлық трансформация және жасанды интеллект технологияларын қолдану болмақ. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ашық диалогқа және РҮК алаңында ұсынылған барлық бастамаларды бірлесіп пысықтауға дайын екендерін жеткізді.

  • 10.04.2026
  • 6
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Ертаев А. М.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика