• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жезқазғанда Жоспарлау және жедел басқару орталығы ашылды

  Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Ұлытау облысында күрделі жөндеуден өткен Төтенше жағдайлар департаментінің Жоспарлау және жедел басқару орталығын салтанатты түрде ашты. Жаңартылған нысан өңірдің азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқару жүйесінің негізгі элементіне айналды. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Дастан Рысбеков және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де қатысты.

«Орталықтың ашылуы азаматтық қорғау жүйесін нығайту мен дамытуға көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдаудың айқын үлгісі болып табылады. Заманауи технологиялар бізге тезірек, дәлірек және үйлесімді әрекет етуге мүмкіндік беріп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – деп ведомство басшысы атап өтті.

  Салтанатты рәсім басталар алдында іс-шараға қатысушылар қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан өрт сөндіру бөлімінің командирі Руслан Әбілдиновты бір минут үнсіздікпен еске алды. Оның құрметіне стела мен мемориалдық тақта ашылды. Еске алу шарасына оның туыстары — жұбайы мен қызы қатысты.

  № 7 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне жапсарлас салынған ғимарат толық реконструкциядан өтті. Орталық Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығы негізінде әзірленген бірыңғай тұжырымдама бойынша құрылып, заманауи байланыс құралдарымен, цифрлық мониторинг және жедел ахуалды визуализациялау жүйелерімен жарақталды. Нысан қолданыстағы стандарттар мен талаптарға сәйкестендіріліп, азаматтық қорғау күштерін басқаруға арналған жоғары технологиялық платформа қалыптастыруға мүмкіндік берді.

  Мұнда жедел штабқа арналған функционалдық жұмыс аймақтары, ахуалдық зал, сондай-ақ барлық жүйелердің тәулік бойы үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін техникалық үй-жайлар қарастырылған. Жаңартылған орталық нақты уақыт режимінде ахуалды бақылауға, жедел шешімдер қабылдауға және азаматтық қорғау қызметтерінің өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

  Іс-шара аясында құтқарушылар мен азаматтық қорғау жүйесін дамытуға үлес қосқан азаматтар ТЖМ және облыс әкімінің ведомстволық наградаларымен наградталды. Жаңартылған орталықтың іске қосылуы Қазақстан ТЖМ-нің материалдық-техникалық базасын нығайту және кез келген сын-қатерлер мен қауіптерге ден қоюға дайындық деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі болды.

  Нысанның ашылуы Ұлытау облысының азаматтық қорғау жүйесі үшін маңызды оқиға болып табылады және өңірдің төтенше жағдайлар қызметтерінің жұмысының тиімділігі мен жеделдігін одан әрі арттыруға бағытталған.

  Іс-шара бөлімше аумағында ағаш отырғызумен аяқталды. Бұл игі дәстүр болашаққа қосылған үлесті білдіріп, өңірдің дамуы мен абаттандырылуын айқындайды.

  • 13.04.2026
  • 6
Аринов Ч.С.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

Аринов Ч.С.
(Мұрағат)

ҚР Төтенше жағдайлар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика