- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Қала әкімі Ғ. Сыздықбеков «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаевамен кездесті
Кездесу барысында Шымкент қаласында қор жүзеге асырып жатқан қайырымдылық жобалардың орындалу барысы мен алдағы ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланды.
Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды қолдауға және сапалы оңалту мен білім беру қызметтеріне қолжетімділікті кеңейту мәселелеріне басты назар аударылды. Бүгінде қалада қор тарапынан жалпы құны 13 млрд теңгеден асатын 19 қайырымдылық жоба іске асырылып жатыр.
Маңызды бағыттардың бірі – спорттық инфрақұрылымды дамыту. Атап айтқанда, Нұрсәт және Қайнарбұлақ шағынаудандарында балалар мен жастарды салауатты өмір салтына және командалық спорт түрлеріне тарту мақсатында жылдам салынатын модульдік спорт зал жоспарланған.
Сонымен қатар, қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеуді жетілдіру, медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында биыл онкологиялық орталығы бар қалалық көпсалалы ауруханаға сызықтық үдеткіш пен компьютерлік томограф сатып алу жоспарланып отыр.
Қор басшылығына атқарылып жатқан жұмыстар үшін алғыс білдіріп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған әріптестік байланысты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.
- 13.04.2026
- 7


