- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Бақыт Сұлтанов: "ЕАЭО-ға мүше болу Қазақстанға тиімді"
A source https://www.facebook.com/bakhyt.sultanov
Интеграция туралы сөз қозғайық
Біздің елдің ЕАЭО мүшелігіне қатысты сындар, ең алдымен, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтағы жетекші емес позициясына байланысты жиі айтыла бастады. Неліктен бұлай болып жатқанын және ЕАЭО-тың Қазақстан үшін қаншалықты тиімді екенін түсіндіруге тырысамын.
Сауданы аймақтандырудың пайдалылығы- соңғы ғасырдың үрдісі емес, бұл- аксиома.
Қазіргі заманғы халықаралық экономикада жекелеген елдердің нарықтары үшін емес, жекелеген өңірлік сауда бірлестіктерінің нарықтары үшін бәсекелестік күрес жүріп жатыр.
Мен қызмет саласында әлеуетті инвесторлармен жиі кездесемін. Олардың көпшілігі өз бизнесінің табыстылығын Қазақстан нарығына бағдар ретінде емес, Ресейге экспорт әлеуеті тұрғысынан бағалайды. Айтпақшы, біз өзіміздің тауар өткізу жүйемізде де ауыл шаруашылығы өнімдерінің ағынын Сібірге бағыттайтын боламыз.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, әр интеграциялық бірлестікте экономикалық көшбасшылар бар. Бірақ экономикасынның қуаты аз елдердің пайдасы - олар күшті серіктестердің есебінен өз деңгейлерін көтереді.
Мысалы, Еуропалық Одаққа экономикалық даму деңгейі әртүрлі, мүлдем бір-біріне ұқсамайтын 27 мемлекет кіреді. Еуропалық Одаққата барлық өзара сауданың төрттен бірін тек бір ел - Еуропалық Одақтың көшбасшысы - Германия құрайды. Шығыс Еуропаның барлығы дерлік көшбасшыға тартылады. Соның ішінде бірлескен жобалар, ынтымақтастық, білім деңгейінің жоғарылауы, адамдар мен капиталдың еркін қозғалысы.
Және мұндай «интеграция өзектері» - негізгі қозғаушы күш болып табылатын елдер әр бірлестікте бар. NAFTA-да бұл Америка Құрама Штаттары, өзара саудадағы үлесі шамамен 44%. Оңтүстік Африка Кеден Одағында (5 ел) және Оңтүстік Африка Даму Қауымдастығында (16 ел) Оңтүстік Африка жетекші рөлге ие - өзара сауданың 70% -тен асады. MERCOSUR-да Бразилия (50%) және Аргентина (30%) бар. АСЕАН-да (10 елде) бұл Сингапур, өзара саудадағы үлесі 30% -тен асады.
ЕАЭО интеграциялық бірлестігі жағдайында мұндай " интеграцияның өзегі " тарихи тұрғыдан Ресей болып табылады. Оған жалпы өңірлік ішкі өнімнің, мұнай мен газ өндірудің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық экспортының негізгі үлесі тиесілі.
Сонымен ЕАЭО-дың біз үшін маңызы неде?
5 жыл ішінде бірыңғай экономикалық кеңістікте тауарлардың, қызметтердің, жұмыс күшінің және капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұлттық заңнамасының қомақты массиві құрылды. Бұл ретте барлық шешімдер консенсуспен қабылданады - әрбір мүше мемлекет оның ЖІӨ-не, қаржы жарналарының мөлшеріне немесе халық санына қарамастан тең дауысқа ие болады.
Біздің экспорт (шикізаттық емес материалдарды қоса) ЕАЭО мүше-мемлекеттеріне 2015-2019 жж (өткен жылы саудадағы барлық көрсеткіштерді құлатқан) 25% -ке немесе 5,1-ден 6,4 млрд АҚШ долларына дейін өсті (Ресейге - 25%, Беларуссияға - 2 есе, Қырғызстанға - 20%, Арменияда - 6 есе ).
Ия, көптеген кедергілер мен шектеулер бар- себебі әр ел өз өндірушілерінің мүдделерін қорғайды (Қазақстан да соның қатарында). Бірақ Еуразиялық одақ алаңында бизнестен түсетін, саудада кедергінің болуы туралы шағымдарды қарау мерзімдері үш айды құрайды, ал Дүниежүзілік сауда ұйымында (ЕАЭО болмағанда, біз сол Ресеймен және Қырғызстанмен дауларда өз мүдделерімізді қорғайтын едік,) мұндай талап қою екі-үш жылға созылуы мүмкін.
ИЯ, экономикалық интеграцияның салдары әрдайым бірдей бола бермейді. Экономиканың "көп сатылатын" секторларының кеңеюі және басқалардың қысқаруы сөзсіз. Интеграция сөзсіз инвестициялық ағындарға, Экономикалық қызмет пен кірістерді бөлуге әсер етеді. Бірақ өңірлік бірлестіктерге қатыспай, Біртұтас экономикалық өсу мен өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету іс жүзінде мүмкін емес.
ЕАЭО-ның Қазақстан үшін маңызы даусыз. Ресей басты сауда орталығы болып қала беретін одақ ішінде теңгерімсіздік байқалғанымен, Қазақстан үшін өнім өткізу нарықтары кеңеюде, кедендік төлемдермен шығындар қысқаруда, еркін сауда аймақтары шеңберінде елдердің нарықтарына қол жеткізу жеңілдейді. Вьетнам, Сингапур, Сербия, Иран жекелеген Қазақстанмен, Ресеймен немесе басқа республикалармен емес, Еуразиялық одақпен "дос" болғысы келді. Қазір Еуразиялық одақта өнеркәсіптік кооперацияға баса назар аударылып, кейіннен бірлескен өнім үшінші елдерге шығарылады. Бұл бізге экономикамызды "жарқындатуға" көмектеседі және қалған сенімсіздік дәрежесін төмендетеді.
Иә, ЕАЭО-дағы ынтымақтастықтың өзара тиімділігін күшейту мәселелері әлі де көп, бірлестікке жекелеген қатысушылардың санкциялық қысымына байланысты саудада кедергілер мен қиындықтар бар. Дегенмен, экономикалық та, экономикалық емес те пайдасы басым.
- 30.03.2021
- 212