- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстан мен Түрікменстан ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Режеповпен кездесті. Кездесу барысында тараптар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, академиялық ұтқырлықты кеңейту мәселесі қарастырылып, түркімен студенттерінің Қазақстанда жоғары білім алуға деген қызығушылығының жоғары екені атап өтілді.
- 17.04.2026
- 6


