- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, онда телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту және балаларға арналған қосымша білім беруді ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов атап өткендей, мегаполисте телекоммуникациялық инфрақұрылымды жүйелі дамыту жалғасуда. Қазіргі таңда қалада 1 771 базалық станция жұмыс істейді, соңғы үш жылда 328 жаңа нысан іске қосылып, 389 станция 5G стандартына көшірілген. Нәтижесінде байланыс сапасы төмен аймақтар саны 147-ден 8-ге дейін қысқарды.
Сонымен қатар, кең жолақты интернетті кеңейту жұмысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін қала тұрғындарының барлығы кең жолақты интернетке қосылудың техникалық мүмкіндігіне ие болады. Бұған қоса, қоғамдық орындарда тегін Wi-Fi желісі дамып келеді.
Білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов Шымкентте 273 мың оқушының 115 мыңы (42%) қосымша біліммен қамтылғанын, сабақтар 646 үйірмеде өтетінін баяндады.
2025 жылғы 1 шілдеден бастап қалада ваучерлік қаржыландыру негізінде бірыңғай мемлекеттік тапсырыстың пилоттық жобасы іске асырылуда. Бұл жүйенің ашықтығын арттырып, ата-аналарға үйірмелерді еркін таңдауға мүмкіндік берді. Жоба аясында 28 мың бала қосымша біліммен қамтылды.
- 21.04.2026
- 4


