- Блогтар
- Сахиев С.К.
Сахиев С.К.
«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Өкілетті өкілі Б.К. Қаракөзовтің РФ Дубна қ. Біріккен ядролық зерттеулер институтына сапары
2021 жылғы 22-26 наурыз аралығында Ядролық физика институтының (ЯФИ) бас директоры, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Өкілетті өкілі Батыржан Қаракөзовтің жұмыс сапары БЯЗИ өтті. Делегация құрамында Қазақстан Республикасынан барған ЯФИ РМК бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Данияр Жансейітов пен ЯФИ РМК Астана филиалының директоры Максим Здоровец болды.
23 наурызда Батыржан Қаракөзовтің БЯЗИ директоры академик Григорий Трубниковпен, БЯЗИ ғылыми басшысы Виктор Матвеевпен, вице-директорлар Рихард Ледницкиймен және Сергей Дмитриевпен, директордың кеңесшісі Григорий Иткиспен, Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Дмитрий Каманинмен кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының атынан Қазақстанның ұлттық тобының басшысы Айдос Исадыков пен оның орынбасары Дамир Азнабаев, сондай-ақ бас директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Данияр Жансейітов қатысты.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың қазіргі жоғары деңгейін және, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының жас ғалымдарының БЯЗИ ғылыми жұмыстарына ауқымды түрде белсенді қатысуын атап өтті. БЯЗИ директоры Григорий Трубников БЯЗИ-на мүше мемлекеттердің ғылыми инфрақұрылымын дамытумен қатар жоғары білікті жас кадрларды даярлау Біріккен институт үшін бірінші кезектегі міндеттер болып табылатындығын айрықша баса айтты. Ол сондай-ақ, БЯЗИ-ның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы мен одан әрі Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықты кеңейту векторларының бірі бола алатын БЯЗИ-да білім беру бағыттарының сапалы дамуын көздейтінін атап өтті. Тараптар ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін, атап айтқанда, ЯФИ РМК үдеткіш кешенін бірлесіп дамыту және Институт базасында БЯЗИ филиалын құру мәселелерін талқылады. БЯЗИ басшылығы БЯЗИ жас ғалымдары мен мамандары өткізетін келесі конференцияларының бірін Алматыда өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы өкілдерінің бастамасын құптады. Сонымен қатар Батыржан Қаракөзов БЯЗИ өкілдерін ағымдағы жылдың қыркүйек айында ЯФИ ұйымдастыратын «Ядролық ғылым және технологиялар» Халықаралық ғылыми форумына қатысуға шақырды.
Қазақстан Республикасы делегациясының іссапармен келуінің бірінші күнгі бағдарламасы Біріккен институттың ғылыми инфрақұрылымымен танысуды қамтыды. Қонақтар Жоғары энергиялар физикасы зертханасында болып, салынып жатқан NICA кешенімен танысты, сондай-ақ магниттер фабрикасында болды. Ядролық реакциялар зертханасында делегация жаңа ДЦ-280 үдеткіші базасындағы Аса ауыр элементтер фабрикасында және нано орталықта болып, одан кейін ЯРЗ директоры Сергей Сидорчукпен ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Нейтрондық физика зертханасын аралау барысында ИБР-2 зерттеу реакторына экскурсиядан басқа, зертхана басшылығымен кездесу өтті, онда ынтымақтастықтың ағымдағы мәртебесі және оны дамыту мәселелері, атап айтқанда ЯФИ-да көпфункциялы дифрактометр салу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, 24 наурызда іссапар бағдарламасы бойынша БЯЗИ-дің қазақстандық қызметкерлерінің есептік семинары форматында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының ұлттық тобымен кездесу өтті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Өкілетті өкілі Батыржан Қаракөзов 25 наурызда БЯЗИ-ға мүше мемлекеттер Үкіметтерінің Өкілетті өкілдері Комитетінің сессиясына, 26 наурызда БЯЗИ-дің 65 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға қатысты.
Қосымша материал www.inp.kz сайтында берілген.
- 30.03.2021
- 468