• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Президентке абаттандыру жоспары туралы баяндадым

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, экобелсенділермен бірге жаңа «Самал» саябағы аумағында ағаш отырғызды.
✅Президентке абаттандыру жоспары туралы баяндадым. Биыл елордада шамамен 173 қоғамдық және аула аумағын абаттандыруды, сондай-ақ 1,1 миллионнан астам жасыл желек (көшеттер, бұталар, гүлдер, ағаштар) отырғызуды жоспарлап отырмыз.
✅Негізгі жобалардың бірі – «Самал» саябағы аумағын жайлы ету. Мұнда спорт алаңдары, су айдыны, серуендеу орындары, жаяу жүргіншілер көпірі, балаларға арналған ойын алаңдары, белсенді демалыс орнатуға арналған орындар және басқа да нысандар қарастырылған. Саябақ отбасылық, спорт және мәдени демалыс өткізуге арналған көпфункционалды аумақ ретінде жобаланып отыр. Ол қала тұрғындары үшін жаңа тартымды орталыққа айналады.
✅«Мыңжылдық» аллеясында үш жоба іске асырылады: Қуанышбаев атындағы театр алдында орналасқан сквер, вокзал маңындағы саябақ және «Нұрлы жол» вокзалының аумағы. Жұмыс аясында заманауи жаяу жүргіншілер маршруты, көгалдандырылған кеңістіктер және қаланың жаңа тартымды орындары ашылады.
✅Greenline жаяу жүргіншілер желекжолының екінші кезеңінің құрылысы Төле би көшесінен Әнет Баба көшесіне дейін және Күлтегін көшесінен Айтматов көшесіне дейін жалғасады. Жоба аясында кешенді көгалдандыру, тоғандар жүйесі, ойын және спорт аймақтарын салу қарастырылған.
✅Сол сияқты Көшелер мен даңғылдарды абаттандыру бойынша жергілікті жобалар да жүзеге асырылып жатыр. Кенесары көшесінің ұзындығы 1,25 км болатын аумағы абаттандырылады, ал Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион алдындағы жаңа аллея демалыс орны бар заманауи қоғамдық кеңістікке айналады. Момышұлы даңғылындағы ұзындығы 1,5 км болатын аумақта променад салынып, онда жаяу жүргіншілер маршруты, көгалдандыру және заманауи абаттандыру қарастырылған.
Абаттандыру жұмысы қаланың барлық ауданында жүргізіліп жатыр.

  • 27.04.2026
  • 6
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика