- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристофер Дагган мырзамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сауда, инвестиция, білім беру және мәдени-гуманитарлық тәжірибе алмасу салаларындағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқыланды. Қаланың инвестициялық әлеуетіне ерекше назар аударылды. Шымкентте инвесторларға дайын инфрақұрылым, түрлі преференциялар ұсынылып, жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде жан-жақты сүйемелдеу көрсетілетін индустриялық және арнайы экономикалық аймақтар жұмыс істейтінін атап өтті. Бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, екі елдің іскерлік ортасы, білім беру және мәдени мекемелері арасында тікелей байланыс орнатуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімді жеткізді. Кездесу соңында Елшіге сапары мен Шымкентке танытқан қызығушылығы үшін алғыс білдіріп, Қазақстан мен Канада арасындағы әріптестік қатынастар алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.
- 29.04.2026
- 6


