• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ертаев А. М.
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда соңғы 5 жылда өндірістік жарақаттану деңгейі 8,3%-ға төмендеді

Жыл сайын 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі. Бұл күннің басты мақсаты – жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, әлеуметтік қорғалуын арттыру және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аудару. Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылда өндірісте зардап шеккендер саны 8,3%-ға азайды.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің биылғы тақырыбы – «Қолайлы психоәлеуметтік еңбек ортасы: жұмыскерлердің әл-ауқатына бастар жол». Осыған орай әлемнің барлық өңірлерінде үкіметтер, кәсіподақ ұйымдары, жұмыс берушілер бірлестіктері және сала мамандары еңбекті қорғау саласындағы заманауи технологияларды енгізу, цифрлық трансформацияны дамыту, сондай-ақ қауіпсіз әрі салауатты еңбек ортасын қалыптастыру мәселелерін талқылайтын іс-шаралар өткізуде.

Қазақстанда жыл сайын өндірісте мыңнан астам жазатайым оқиға тіркеледі, оның ішінде шамамен 200-і қайғылы жағдаймен аяқталады.

Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп үлесі тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарына – жалпы көрсеткіштің 17-18%-ға жуығы тиесілі. Құрылыс саласында бұл көрсеткіш 10–12% шамасында қалып отыр.

Бүгінде шамамен 500 мыңға жуық адам зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді, ал ауыр дене еңбегімен айналысатындар саны 100 мыңнан асады. Соңғы жылдары зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 650-700 мыңға жуық жұмыскер жыл сайын өтемақы алады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын одан әрі қамтамасыз ету мақсатында кешенді шараларды іске асырып келеді.

Бұзушылықтардың алдын алу және профилактика жүргізу мақсатында 3000-нан астам кәсіпорын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді.

2019 жылдан бастап «Нөлдік жарақаттану» – Vision Zero тұжырымдамасы белсенді түрде ілгерілетіліп келеді. Бүгінде оған республика бойынша 600-ден астам кәсіпорын қосылған.

Сонымен қатар 300-ден астам кәсіпорында құрылыс саласындағы мердігер ұйымдарда қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін тік бақылау моделі енгізілді.

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды күшейту мақсатында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда арнайы әлеуметтік төлем енгізілді. Бұл төлемді 55 жасқа толған, кемінде 7 жыл бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жұмыскерлер алуға құқылы.

Белгіленген талаптарға сай келетін азаматтар бұл қолдау шарасын пайдаланып, зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысын тоқтатып, арнайы әлеуметтік төлем алуға мүмкіндік алады.

Қазақстанда 2030 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы іске асырылуда. Құжат еңбек жағдайларын жақсартуға, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін төмендетуге бағытталған. Бұл жаңа қаржыландыру тәсілдерін енгізу, жұмыскерлердің жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесіне қатысуын кеңейту, еңбекті қорғау бойынша оқыту сапасын арттыру және қоғамдық бақылау рөлін күшейту арқылы жүзеге асады.

Тұжырымдама аясында Кәсіпорындардың цифрлық картасы мен Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы іске қосылды. Бұл жүйелер нақты уақыт режимінде еңбек қауіпсіздігіне және еңбек қатынастарына қатысты тәуекелдерді бақылауға және алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Еңбекті қорғау саласын цифрландыру шеңберінде өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған жасанды интеллектке негізделген құралдар енгізілуде. Мұндай шешімдер салалық және өндірістік деректерді, еңбек жағдайларын және оқыс оқиғалардың себептерін талдау арқылы негізгі тәуекел факторларын анықтап, алдын алу шараларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыт тәуекелдерге жедел әрекет етуден проактивті басқару жүйесіне көшуге және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендетуге негізделген.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай дәстүрлі түрде өтетін еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі конференция мен көрме 28-30 сәуірге жоспарланған. Аталған іс-шара саладағы жетекші мамандарды, мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастық пен халықаралық ұйымдардың өкілдерін бір алаңға жинап, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді талқылауға және тиімді шешімдер іздеуге мүмкіндік береді.

  • 30.04.2026
  • 6
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Ертаев А. М.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика