• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қалада ауа райы жылынған күннен бастап жолдарды жөндеу және салу жұмысы қолға алынды

Қалада ауа райы жылынған күннен бастап жолдарды жөндеу және салу жұмысы қолға алынды. Биыл жалпы ұзындығы 60 км болатын шамамен 50 көшені жөндеу жоспарланған. Сол сияқты шұңқырларды, тротуарларды жөндеу, жол белгілерін салу және т.б. жұмыс қатар жүргізіліп жатыр.
Осылайша, биыл сәуір айынан бастап мына көшелерде жұмыс басталды:
- Е68 көшесі Ә. Бектұров көшесінен Төле би көшесіне дейін;
- Б. Соқпақбаев көшесінің Ш. Бейсекова көшесінен К. Күмісбеков көшесіне дейінгі аралығындағы құрылысы жалғасты;
- «Тілендиев даңғылынан Бейбарыс Сұлтан көшесіне дейінгі учаскеде Абайдың 150 жылдығы көшесін салу» жобасы іске асып жатыр;
- Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесі;
- Кенесары көшесі Ә. Сембинов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін (бұл ретте Кенесары көшесінде 2025 жылы Е. Брусиловский көшесінен Ә. Сембинов көшесіне дейінгі аралықта жұмыс жүргізілген);
- Республика даңғылы А. Иманов көшесінен теміржол вокзалына дейін;
- Ақан сері көшесі Тілендиев даңғылынан Қараменде би Шақаұлы көшесіне дейін;
- Шаймерденов көшесі Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін және т.б.
✔️Бейсекова мен Тілендиев көшелерінің қиылысында екі деңгейлі жол айрығын салу жұмысы жүріп жатыр. Нысанда инженерлік желілерді тарту және аралық металл құрылымын монтаждау жұмысы жүргізілуде. Биыл жыл соңына дейін құрылыс жұмысын аяқтау жоспарланып отыр.
✔️Қ. Мұхамедханов көшесінің құрылысы Ш. Айтматов көшесінен Қорғалжын тасжолына дейінгі аралығында жалғасып жатыр. Өткен жылы бұл учаскеде көлік қозғалысы қамтамасыз етілген. Биыл жол салуды және іргелес аумақты абаттандыруды қоса алғанда, барлық жұмысты толықтай аяқтау жоспарланып отыр.
✔️Ш. Айтматов көшесінде сегіз жолақты магистральді жол арқылы көлік қозғалысы қамтамасыз етілді. Айтматов көшесінің ашылуы нәтижесінде Тұран және Қабанбай батыр даңғылдары, сондай-ақ Сығанақ пен Қ. Мұхамедханов көшелері сияқты негізгі магистральдарда көлік ағыны едәуір азайды, бұл қаланың жаңа бөлігі үшін аса маңызды. Сонымен қатар, биыл абаттандыру, бағдаршам орнату және электрмен жабдықтау, нөсер кәрізі желілерін тарту жұмысы жалғасады.

  • 06.05.2026
  • 4
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика