- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ШТАБ ОТЫРЫСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Менің төрағалығымен коронавирустың таралуының алдын алу штабының отырысы өтті. Онда денсаулық сақтау саласының дайындығы тағы бір рет пысықтады.
Өздеріңізге белгілі, қалада коронавируспен күрестің 3 сценарийі әзірленген болатын. Қазір А сценарийі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл сценарий бойынша 1380 төсек-орын дайын. B және С сценарийлері бойынша 5 мың төсек-орынға дейін дайындалады.
Қалада ӨЖЖ аппараттары мен оттегі, сонымен бірге дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.
Қазіргі таңда денсаулық сақтау мекемелерінде 284 науқас коронавируспен ем алып жатыр. Толымдылық 20 пайызды құрайды. Одан бөлек симптомсыз 133 науқас үйлерінде емделу үстінде.
- 31.03.2021
- 209