• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Dalian Hesheng Holdings Group жылына 1 млн тонна бидайды терең өңдеу жобасын жүзеге асырады

Астанада «Ақмола облысында астықты терең өңдеу зауытын салу» жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен «Азия Алтын Дән» серіктестігі арасында Dalian Hesheng Holdings Group корпорациясының қатысуымен Инвестициялар туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

Іс-шараға ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Азия Алтын Дән» ЖШС директоры, Dalian Hesheng Holdings Group басқарма төрағасының орынбасары Ю Юфэй, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, сондай-ақ KAZAKH INVEST өкілдері қатысты.

Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тарту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанда терең өңдеу жобаларын іске асыру үшін тұрақты шикізат базасы қалыптасқан.

«Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу, сондай-ақ 10 жыл ішінде астықты терең өңдеу өнімдерін өндіру және экспорттау бойынша әлемнің жетекші он елінің қатарына кіру міндетін қойды. Біз шикізаттық модельден жоғары қосылған құны бар терең өңдеу экономикасына кезең-кезеңімен көшіп келеміз.
Қазіргі таңда Қазақстанда қуаттылығы 510 мың тоннаны құрайтын үш астықты терең өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. Олар крахмал, глютен, сірне, биоэтанол және басқа да өнімдер шығарады.

Бұл жобаны іске асыру бидайдың едәуір көлемін өңдеумен қатар, жаңа экспорттық бағыттарды қалыптастыруға және озық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді», — деді министр.

Жоба Ақмола облысы Аршалы ауданындағы инвестициялық аймақта «Азия Алтын Дән» серіктестігі тарапынан жүзеге асырылуда.

«Біздің өңір — қуатты шикізат базасы мен жоғары инвестициялық әлеуетке ие аграрлық көшбасшы. Инвестиция тарту — тұрақты экономикалық өсудің, технологиялық дамудың және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізі.
Бұл жоба Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі жобалардың бірі. Оны іске асыру шамамен 3 мың жұмыс орнын құруға, жоғары қосылған құны бар өнім өндірісін арттыруға және экспорттық әлеуетті күшейтуге мүмкіндік береді», — деді Марат Ахметжанов. Ол инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін де нащардан тыс қалдырмады.

Жоба бастамашысы Ю Юфэй болашақ өндірістің негізгі өлшемдерін таныстырды. Бірінші кезеңде өңдеу қуаты жылына 1 млн тонна бидайды құрайды. Жылына 500 мың тоннаға дейін натрий глутаматын, шамамен 300 мың тонна жоғары сапалы бидай глютенін, сондай-ақ жем және ілеспе өнімдер өндіру жоспарланып отыр.

«Біздің компания үшін Қазақстан — аграрлық әлеуеті жоғары әрі инвестициялық ахуалы қолайлы стратегиялық серіктес. Бұл жобаның жүзеге асырылуы халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастықтың табысты үлгісіне айналып, әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті өнім шығаруға және жаһандық нарықтарға шығуға жаңа мүмкіндіктер ашады», — деді инвестор.

Жоба Dalian Hesheng Holdings Group компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында стратегиялық тұрғыдан маңызды. Компания дән құрамындағы крахмалды 100%-ға дейін өңдеуге мүмкіндік беретін бірегей биоферментация технологиясына ие. Дәстүрлі тәсілдерде крахмалдың 50%-дан аспайтын бөлігі ғана пайдаланылса, бұл технология шикізатты барынша тиімді өңдеуді қамтамасыз етеді.

Компанияның бидай мен жүгеріні терең өңдеудегі 40 жылдан астам тәжірибесі қазақстандық өнімнің әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Келісім аясында тараптардың өзара міндеттемелері қарастырылған. Инвестор қазақстандық мамандарды үздіксіз оқыту жүйесін енгізіп, жыл сайын кемінде 40 жергілікті қызметкердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде спорт кешенін салу, білім беру, мәдениет, бұқаралық спорт және жастар саясаты салаларындағы жобаларға қатысу көзделген.

Өз кезегінде Қазақстан Үкіметі жобаға қажетті қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, салықтық және кедендік жеңілдіктер беру, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын ұсыну қарастырылған.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесін арттыру және астықты терең өңдеу өнімдерін әлемдік нарықтарға ілгерілету мақсатында елімізде жалпы қуаттылығы 5,8 млн тонна және құны 4,0 млрд АҚШ долларын құрайтын алты ірі жоба жүзеге асырылуда.

  • 12.05.2026
  • 6
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика