• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ертаев А. М.
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өңірлік әлеуметтік қолдау шараларын цифрландыру барысы талқыланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен өткен кеңесте Бірыңғай цифрлық платформаны дамыту және әлеуметтік қызметтерді автоматтандыру мәселелері қаралды.

Жиын барысында министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мәслихаттардың шешімімен тағайындалатын өңірлік әлеуметтік төлемдерге ауқымды талдау жүргізгені атап өтілді. Нәтижесінде цифрлық форматқа көшіруді қажет ететін 13 бағыт айқындалды. Бұл барлық өңірлерде әлеуметтік қолдау көрсету тәсілдерін біріздендіріп, көмекті алу процесін ашық әрі жедел етуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Еңбек министрлігінің Бірыңғай цифрлық платформасы әлеуметтік қолдау шараларын автоматтандыруға арналған бірыңғай технологиялық база ретінде қалыптасып отыр. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл аясында Оқу-ағарту министрлігінің қызметтерін цифрландыру бойынша да ауқымды жұмыс жүргізілді.

Платформаның мемлекеттік деректер базаларымен және eGov порталымен интеграциялануының арқасында биылғы мамыр айының соңынан бастап «Жалпыға бірдей білім беруді» әлеуметтік қолдау шараларын цифрлы форматта жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады. Енді ата-аналарға қағаз анықтамалар жинап, мәртебесін растаудың қажеті жоқ. Жүйе отбасының әлеуметтік жағдайы туралы Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйелерінде бар деректер негізінде көмекті алу құқығын автоматты түрде анықтайды.

Кеңес қорытындысы бойынша министр цифрландыру ең алдымен азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. 2026 жылдың соңына дейін платформаны еліміздің барлық өңірінде кеңейту, сондай-ақ оны қаржы және денсаулық сақтау министрліктерінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жоспарланып отыр.

  • 13.05.2026
  • 7
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Ертаев А. М.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика