- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстанда ауыл шаруашылығындағы геномдық технологияларды дамыту перспективалары талқыланды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Аризона геномика институтының директоры Род Винг және Kozybayev University Басқарма төрағасы - ректоры Ербол Исақаевпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар агрогеномиканы дамыту, ауыл шаруашылығына заманауи геномдық технологияларды енгізу, сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Әсіресе климаттық өзгерістерге төзімді, су ресурстарына тәуелділігі төмен, өнімділігі жоғары әрі тағамдық құндылығы мол күріш пен бидайдың жаңа сұрыптарын шығару мәселесіне ерекше назар аударылды.
- 14.05.2026
- 45


