• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ертаев А. М.
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мүгедектігі бар адамдарды қолдаудың жаңа тәсілдерін штаттан тыс кеңесшілермен талқылады

Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаевтың мүгедектігі бар адамдардың мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілермен кездесуі өтті. Бұл іс-шара 2024 жылдың басынан бері жүргізілмеген тұрақты тікелей диалогтың қайта жанданғанын көрсетті. Кездесу ашық талқылау форматында өтіп, жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсіндіруге, сондай-ақ өңірлердегі ахуал бойынша объективті ақпарат алуға бағытталды. Бүгінде орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы кеңесшілер желісі 220-дан астам сарапшыны біріктіріп, 752 мыңнан астам қазақстандықтың мүддесін білдіреді.

Кездесу барысында басты назар оңалтудың техникалық құралдарымен (ОТҚ) қамтамасыз етудің жаңа сервистік моделіне көшу мәселесіне аударылды. Министр енгізіліп жатқан үздіксіз оңалту моделі қолданыстағы жеңілдіктерді жоймайтынын, керісінше толықтыратынын атап өтті. Негізгі басымдық – жабдықты жоспарлы ауыстыру мерзімі аяқталғаннан кейін азаматтардың жаңа құрал алуға құқығын сақтау. Жаңа тәсілдің ерекшелігі – мемлекет бұйымдардың бүкіл пайдалану мерзімі кезінде толық техникалық сүйемелдеуді өз мойнына алады. Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында Ұлттық ғылыми орталық филиалдары базасында техникалық сараптама қызметтері мен жөндеу орталықтарын құруды көздейтін пилоттық жоба іске қосылуда. Маңызды артықшылықтардың бірі – алмасу қорының құрылуы. Оңалту құралы істен шыққан жағдайда, жөндеу кезеңінде азаматқа жұмыс істейтін құрылғы уақытша дереу беріледі. Бұл тәсіл, әсіресе, балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін маңызды, себебі олардың өсуіне қарай жабдықты уақтылы ауыстыруға мүмкіндік береді.

Кедергісіз орта құру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Аскарбек Ертаев «Қолжетімділік картасы» жобасының маңызын атап өтіп, ол арқылы мүгедектігі бар азаматтарға арналған объектілердің бейімделу деңгейін нақты уақыт режимінде бақылауға болатынын айтты. Сондай-ақ мемлекеттік бақылау және әкімшілік шаралар қолдану функциялары Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне бекітілгені жеткізілді.

Кеңесте инватакси қызметінің жұмысы да, оның ішінде жүргізушілердің еңбек қатынастарын құқықтық реттеу мәселесі қарастырылды. Ведомство басшысы кеңесшілерді қызмет жеткізуші ұйымдардың тұрақтылығын сақтай отырып, әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған нормативтік актілерді талқылауға қатысуға шақырды.

Цифрлық сервистерді жетілдіру аясында Бірыңғай цифрлық платформа арқылы төлемдерді оңтайландыру әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталғаны атап өтілді. Министр алдағы Координациялық кеңес отырысында бірқатар ОТҚ бойынша кепілдендірілген бағаларды өзектендіру ұсыныстары қаралатынын хабарлады. Жаңа баға маркетплейстер мен электрондық дүкендердегі ұсыныстарға жан-жақты талдау жүргізу арқылы қалыптастырылған. Бұл әлеуметтік қызметтер порталындағы тауар құнын нарыққа барынша жақын әрі әділ етуге мүмкіндік береді.

Кездесуді қорытындылай келе, министр кеңесшілерді жергілікті жерлердегі жағдайды белсенді мониторингтеуге шақырды. Талқылау нәтижесінде мұндай кездесулерді тоқсан сайын өткізу туралы шешім қабылданды.

  • 15.05.2026
  • 3
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Ертаев А. М.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика