- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
ТҮРКІСТАНДА ЯСАУИ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ КАПСУЛАСЫ САЛЫНДЫ
Түркістан қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми Саммиті аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Ясауи ғылыми-зерттеу институты ғимаратының капсуласын салу рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырыстарында және бірқатар стратегиялық жиындарда Қожа Ахмет Ясауи мұрасын жан-жақты зерттеу, оның рухани ілімін жастар арасында кеңінен дәріптеу, сондай-ақ Түркістанды түркі әлемінің рухани әрі ғылыми орталығына айналдыру жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын.
Осы міндеттер аясында қолға алынған Ясауи ғылыми-зерттеу институты түркі өркениетін, сопылық ілімді, түркі халықтарының тарихи-мәдени сабақтастығын зерттейтін халықаралық ғылыми-академиялық орталыққа айналмақ.
- 15.05.2026
- 31


