• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Республикасының төрағалығымен АҚИҰ-ның 7-ші Бас ассамблеясы өтті

Астанада Қазақстанның төрағалығымен  Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) 7-ші Бас ассамблеясы өтті.

Отырысқа онлайн форматта АҚИҰ-ға мүше 40 мемлекет пен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Биылғы Бас ассамблея «Ынтымақтастық пен инновациялар арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында өтті. Бұл аграрлық сектор мен азық-түлік жүйелері алдында тұрған жаһандық сын-қатерлерді еңсерудегі тәжірибелік серіктестіктің, цифрлық трансформацияның және халықаралық үйлестірілген іс-қимылдың маңызы артып келе жатқанын көрсетеді.

Африка, Азия және Таяу Шығыс елдерінен келген мүше мемлекеттердің өкілдерінің қатысуымен 13 мамыр күні 7-ші Бас ассамблеяның жоғары лауазымды тұлғаларының отырысы өтті.

Ал, сессияның екінші күні, 14 мамырда, Бас ассамблеяға төрағалық ету ресми түрде Катар мемлекетінен Қазақстан Республикасына өтті.

Жиында сөз сөйлеген Бас ассамблея төрағасы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров геосаяси тұрақсыздық, климаттың өзгеруі және жаһандық логистикалық тізбектердің бұзылуы жағдайында азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі ислам әлемі елдері үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

«Бүгінде азық-түлік қауіпсіздігі тек ауыл шаруашылығының мәселесі ғана емес. Бұл мемлекеттердің орнықтылығы, әлеуметтік тұрақтылық және стратегиялық қауіпсіздік мәселесі. Осыған байланысты АҚИҰ тек диалог алаңы ретінде ғана емес, сонымен қатар ынтымақтастық пен бірлескен бастамаларды іске асыратын тиімді тетік ретінде нығаюы тиіс деп есептейміз», - деді Айдарбек Сапаров. Сонымен қатар ол Қазақстанның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталды.

Қазақстан әлемдегі астық экспорттаушы ең ірі 10 елдің қатарына кіреді, ұн экспортынан 2-орында, ал күнбағыс майын жеткізу бойынша 8-орында тұр.

Жалпы егіс көлемі 24 млн гектарды құрайтын біздің еліміз соңғы екі жыл қатарынан 27 млн тоннаға жуық өнім жинап келеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 15,3 млн тоннаға жетіп, Қытай, Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттерін қоса алғанда, әлемнің 50 еліне экспортталады.

2026–2030 жылдарға арналған саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халал өнім экспортын кеңейтуге бағытталған кешенді жоспар аясында елде мал шаруашылығы саласын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Айдарбек Сапаров АҚИҰ сараптамалық және институционалдық өзара іс-қимыл алаңы ретінде өңірлік кооперацияны дамыту, жеткізу көздерін әртараптандыру және ұзақ мерзімді азық-түлік тұрақтылығын нығайту мәселелерінде белсенді рөл атқаруы тиіс екенін айтты. Қазақстан бұл бағыттағы жұмысқа аналитикалық сараптама, мазмұнды бастамалар және кәсіби диалог алаңдарын ұсына отырып, нақты үлес қосуға дайын екенін жеткізді.

Сессия барысында азық-түлік қауіпсіздігі мен инновациялар саласындағы Білім орталығын құру туралы бастама көтерілді.

Жаңа орталық АҚИҰ-ға мүше барлық мемлекеттер үшін сервистік платформа ретінде жұмыс істейді деп жоспарлануда.

Сонымен қатар Қазақстан Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерінің ғылыми және зерттеу мекемелері арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуді қолдай отырып, Ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық аграрлық институттарының алғашқы форумын өткізу мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс жасады.

Бұдан бөлек 2027 жылды Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы аясында әйел аграрлық көшбасшылар мен жас агрокәсіпкерлер жылы (WAYA) деп жариялау және Жаһандық ислам азық-түлік қауіпсіздігі көрмесін өткізу ұсынылды.

7-ші Бас ассамблея аясында қатысушылар ұжымдық азық-түлік қауіпсіздігінің тиімді жүйесін қалыптастыруға, азық-түлік жүйелерінің тұрақтылығын нығайтуға және ислам әлемі елдерінде азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған 13 стратегиялық қарарды қарап, қабылдады.
Жиын қорытындысында Бас ассамблея төрағасы Айдарбек Сапаров ИАҚҰ алдында сапалы даму деңгейіне көшуге мүмкіндік беретін жаңа мүмкіндіктер ашылып отырғанын атап өтті.

«Қазіргі заманның сын-қатерлері бізден тек пікір алмасуды ғана емес, азық-түлік жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мемлекеттеріміздің ұжымдық қауіпсіздігін нығайтатын ортақ тәжірибелік шешімдер қабылдауды талап етеді. Ынтымақтастық, өзара сенім және мүмкіндіктерді біріктіру қағидаттарына сүйене отырып, АҚИҰ-ға мүше мемлекеттер азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы тиімді ынтымақтастық жүйесін қалыптастыра алады», — деді Айдарбек Сапаров.

  • 18.05.2026
  • 8
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика