- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ БОЙЫНША АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласының әкімдігінде жер қатынастары саласындағы заңдылықты сақтау мәселелері бойынша алқа отырысы өтті. Жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қала прокуроры Елдос Сағиев, қалалық прокуратура өкілдері, аудан әкімдері, басқарма басшылары, аумақтық департаменттер, мемлекеттік органдар мен салалық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында жер қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстың нәтижелері, жер ресурстарын ұтымды әрі тиімді пайдалану мәселелері, сондай-ақ, жер қатынастары процестерінің ашықтығын арттыру және мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіру шаралары қаралды.
- 18.05.2026
- 6


