- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Бішкекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғылым және техника министрліктері мен ведомстволары басшыларының X отырысы өтті
Қырғызстан астанасында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің ғылым және техника министрліктері мен ведомстволары басшыларының оныншы отырысы өтті.
Отырыста ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің делегациялары қатысты, атап айтқанда: Беларусь Республикасы, Үндістан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы.
Қазақстан Республикасынан аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы қатысты. Бұл Қазақстанның ШЫҰ шеңберіндегі көпжақты ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға белсенді қатысуын айқындады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1226666?lang=kk
- 22.05.2026
- 7


