- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында өткен «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» форумына қатысты
Форум Мемлекет басшысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын басқарудың жаңа моделін қалыптастыру жөніндегі тапсырмалары аясында ұйымдастырылды. Бұл – тұрғындардың өмір сүру сапасы мен жайлылығына тікелей әсер ететін маңызды бағыт.
Кездесу барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, МИБ пен басқарушы ұйымдардың қызметі, көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау, абаттандыру, жарықтандыру, лифт шаруашылығы және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.
Шымкентте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту және тұрғын үй қорын басқару тетіктерін жетілдіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келе жатқанын атап өттім. Бүгінде қалада 2595 көпқабатты тұрғын үй бар болса, оның 1428-і кондоминиум нысаны ретінде тіркелген.
- 25.05.2026
- 6


