- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ДИЗЕЛЬДІ ГЕНЕРАТОР ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫМ
Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриалды аймағында дизельді генератор шығаратын «New Technology Ltd» ЖШС-ы орналасқан. Онда жылына 300 дана дизельді генератор өндіріледі. Аталмыш мекеменің жұмысымен таныстым.
Жоба 2018-2020 жылдары жүзеге асты. Құны - 300 млн теңге. Қазір мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Өнімнің 70 пайызы – ішкі нарықта саудаланса, қалған 30 пайызы Өзбекстан еліне экспортталады.
Кәсіпорында альтернатор, дизельді қозғалтқыш, металл, поролон, шланг секілді қосалқы бөлшектер де өндіріледі. «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасымен индустриалды аймақтан 1 гектар жер бөлінген болатын.
Мұнда жұмысшы санын және өнім көлемін арттыру қажет. Сонымен бірге, мемлекеттік мекемелерді – ауруханалар мен мектептерді жергілікті өндіріліп жатқан дизельді генераторды тұтынуға шақыру керек.
- 01.04.2021
- 211