- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстанның жоғары білім жүйесіне дзюдо бағдарламасы енгізіледі
Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен IJF президенті Мариус Визер қол қойды.
Меморандум студенттер арасында дзюдоны дамыту мен кеңінен насихаттауға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруды көздейді. Сонымен қатар құжат спорттық инфрақұрылымды жетілдіруді, спорттық резерв даярлауды, дене шынықтыру және спорт саласындағы оқытушылар мен мамандардың біліктілігін арттыруды қамтиды.
https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1229120?lang=kk
- 27.05.2026
- 3


