- Блогтар
- Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі
АСТАНАДА «ЕУРАЗИЯДАҒЫ ОРНЫҚТЫ ДАМУ» АТТЫ ІІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
29 мамыр күні Астанада БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарын іске асырудың аралық нәтижелері және 2030 жылдан кейінгі жаһандық күн тәртібін қалыптастыру мәселелері талқыланған «Еуразиядағы орнықты даму» атты екінші жоғары деңгейдегі халықаралық конференция өтті.
Іс-шара мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, академиялық және сараптамалық қауымдастықтың, сондай-ақ БРИКС елдері мен олардың серіктестерінің, соның ішінде Ресей, Үндістан, Қытай, ОАР, Индонезия, Қазақстан, Вьетнам, Малайзия және Таиланд өкілдерін біріктірді.
Пленарлық отырысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жүргізіп, конференция қатысушыларына Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1230334?lang=kk
- 29.05.2026
- 5


