• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол стадионының құрылысын толықтай аяқтадық

✅Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол стадионының құрылысын толықтай аяқтадық. Аңызға айналған бұл стадионның тарихы 1936 жылдан бастау алады және бүгін ол қайта жаңғырып, заманауи келбетке ие болды. ҚР Бас прокуроры Берік Асыловпен бірге құрылыс жұмысы толық аяқталған нысанды аралап көрдік. Стадион Арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен салынды. Бас прокуратура заңсыз жолмен иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
✔️Спорт нысанының жалпы ауданы 18 мың 951 шаршы метрді құрайды. Стадион UEFA-ның 2-санатына сай келеді және 3 мың 600 көрерменге арналған. Стадион UEFA мен Қазақстан футбол федерациясының стандарттарына сай келетін заманауи спорт жабдықтарымен және жасанды жабынмен қамтамасыз етілген.
Нысанда көрерменге арналған трибуналар, конференц-зал, киім ауыстыратын бөлмелер, медициналық кабинеттер, әкімшілік блок пен техникалық аймақтар, сондай-ақ VIP-ложалар қарастырылған.
✔️Сол сияқты стадионда жаттығу өткізіп жатқан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілерімен әңгімелестік.
Жобаны іске асыру елорданың спорт инфрақұрылымын дамытуға және қалалық әрі республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізу үшін заманауи жағдайлар жасауға бағытталған.
Қазіргі уақытта нысанды пайдалануға беру бойынша заңдық және ұйымдастырушылық рәсімдер жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта стадион Астана қаласы әкімдігінің «№8 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ теңгерімінде болады.
✅Стадионның толықтай ашылуы 4 маусымға жоспарланып отыр. Ол 2013 жылы туған жасөспірімдер арасында БЖСМ мен ОРМБЖСМ командалары қатысатын Қазақстан Республикасының жыл сайынғы футбол чемпионаты аясында өтеді. Чемпионатқа еліміздің түрлі өңірлерінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиадалық резерв мектептері мен футболшылар даярлау орталықтары атынан ең мықты 15 команда қатысады.
Турнир Қазақстандағы балалар-жасөспірімдер футболы жүйесіндегі маңызды республикалық жарыстардың бірі болып саналады және бұқаралық спортты дамытуға, балалар мен жасөспірімдер арасында футболды насихаттауға, сондай-ақ жас спортшылардың даярлық деңгейін арттыруға бағытталған.

  • 29.05.2026
  • 3
Қасымбек Ж. М.

Астана қаласының әкімі

Қасымбек Ж. М.
(Мұрағат)

Астана қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика