• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ертаев А. М.
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өндірістегі еңбек қауіпсіздігі – басты басымдық: Еңбек министрлігі кәсіби тәуекелдерді басқарудың жаңа моделін енгізуде

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Сөз басында ведомство басшысы елімізде еңбек қауіпсіздігі жүйесін ауқымды жаңғырту жұмыстары басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан кәсіби тәуекелдерді басқарудың мүлде жаңа моделіне көшуде. Адам капиталы – кез келген кәсіпорынның ең басты құндылығы болғандықтан, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты қауіпсіз еңбек мәдениетін алдын ала қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

«Бүгінде Қазақстанда 479 мың адам зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейді. Оның 61%-ы өнеркәсіп саласына тиесілі. Атап айтқанда, тау-кен өндіру саласында – 173 мың, өңдеу өнеркәсібінде – 122 мың адам еңбек етеді. Электр энергиясы мен газбен жабдықтау секторында 40 мыңға жуық жұмыскер қызмет етеді, бұл зиянды өндірістерде еңбек ететіндердің 8,5%-ын құрайды. Сонымен қатар жұмыс орындарын бағалаудың бұрынғы жүйесі бүгінгі талаптарға сай келмейді: есептеулер қағаз жүзінде жүргізіледі, көрсеткіштер орташа деңгейде есептеледі, ал мемлекеттік еңбек инспекциясы қажетті деректерді уақытылы ала алмайды. Бұдан бөлек, кейбір жұмыс берушілер еңбек қауіпсіздігіне формалды қарап, арнайы киім-кешекке қаржы үнемдеп, тозығы жеткен жабдықтарды пайдаланған жағдайлар да болды», – деді Асқарбек Ертаев.

Қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгерту үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби тәуекелдерді басқарудың жаңа жүйесін енгізуде: әрбір мамандық бойынша жеке тәуекелдерді бағалауды енгізу және кәсіпорындардың интегралдық бағасын қалыптастыру; тәуекелдерді басқару тәсілдері де сараланады: ірі өндірістік нысандар үшін толық форматтағы жүйе қолданылса, шағын және микро бизнес субъектілеріне жеңілдетілген тәртіп енгізіледі; бағалау жүргізетін мамандандырылған ұйымдар мен сарапшыларға қойылатын талаптар күшейтіледі; барлық процестер толық цифрландырылады: есептер электронды форматқа көшіріледі, деректер автоматты түрде есептеледі және түзету шараларының цифрлық жоспарлары әзірленеді; мемлекеттік еңбек инспекциясының жедел бақылауын қамтамасыз ететін цифрлық мониторинг құралдары іске қосылады.

Үкімет отырысында министр өндірістік жарақаттарды жасыру мәселесіне де ерекше тоқталды. Оның айтуынша, мұндай тәжірибе бизнестің жауапкершіліктен жалтаруына жол ашып, азаматтарды заңмен кепілдендірілген төлемдерден айырылуына алып келеді.

«2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елімізде өндірістік жарақаттарды жасырудың 39 фактісі анықталды. Мұндай жағдайлардың ең көбі қызмет көрсету саласында (18) тіркелген. Өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласында тиісінше (5 жағдайдан) анықталды. Өңірлер бойынша Атырау облысы (10 жағдай) көш бастап тұр, Астана қаласында (7) және Ақмола облысында (6) жағдай тіркелді. Министрлік мұндай құқық бұзушылықтарға қатаң тосқауыл қояды. Біздің мақсатымыз – тіркелген әрбір 14 жазатайым оқиғаға шаққанда жасырылған жағдайлардың санын 1 жағдайға дейін төмендету», – деді ведомство басшысы.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында еңбек қатынастарын заңдастыру жұмыстары да жүйелі түрде жалғасуда. Бүгінде еліміздегі 9,4 млн жұмыспен қамтылған азаматтың 7,3 миллионы жалдамалы қызметкерлер. Қазіргі уақытта HR Enbek жүйесінде 6,7 млн еңбек шарты тіркелген, бұл жалдамалы жұмыскерлердің 92%-ын қамтуға мүмкіндік береді. Тағы шамамен 575 мың адам азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар негізінде еңбек етеді. Елдегі белсенді жұмыс істеп тұрған 174 мың заңды тұлғаның 118 мыңы өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарымен қамтылған, бұл жалпы кәсіпорындардың 68%-ын құрайды. Сонымен қатар 19 мың ұжымдық шарт цифрландырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе жоғары көрсеткіш.

«Жалпы бақылау шараларының күшеюі және профилактикалық бақылаумен қамтудың 2,5 есеге артуы нәтижесінде (170 тексеру жүргізді) елімізде оң динамика байқалады. Сонымен қатар 2026 жылы 2,4 мыңнан астам жоспардан тыс тексеру өткізіліп, олардың нәтижесінде шамамен 2,8 мың құқық бұзушылық анықталды және орындауға міндетті 1 630 нұсқама берілді. Қабылданған шаралар нәтижесінде 22 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

2024 жылмен салыстырғанда өндірістегі жазатайым оқиғалар саны 4,5%-ға (1 408 жағдайдан 1 345 жағдайға дейін) азайды. Ал адамның қаза болу оқиғалар саны 7,9%-ға (202-ден 188 жағдайға дейін) қысқарды. Зардап шеккендердің ең көп үлесі бұрынғыдай тау-кен металлургия кешеніне (16%), құрылыс саласына (10%) және мұнай-газ секторына (5%) тиесілі», – деді Асқарбек Ертаев.

Министр өз баяндамасында ведомство енгізіп жатқан цифрлық шешімдерге де тоқталды.

Еңбек тәуекелдерінің картасы – әлеуметтік-еңбек саласын бақылауға арналған цифрлық жүйе. Бүгінде ол 98,4 мың кәсіпорынды қамтып отыр. Жүйе заңнама талаптарының бұзылу белгілерін аудандық деңгейге дейін анықтауға мүмкіндік береді және ұйымдарды тәуекел дәрежесіне қарай (қазіргі уақытта жоғары тәуекел санатына 2,3 мың, орташа тәуекел санатына 3,2 мың кәсіпорын енгізілген) топтастырады.

Кадрларды даярлау жүйесін жаңғырту шеңберінде 321 мемлекеттік еңбек инспекторының өкілеттіктерін кеңейту және еңбек қауіпсіздігі бойынша жұмыс істейтін 16 мыңнан астам техникалық инспектордың қызметін жетілдіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ кәсіпорындардағы 18 мың өндірістік кеңестің тиімділігі арттырылады. Осы мақсатта еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша Бірыңғай оқу-әдістемелік орталық құрылады. Оқыту мен емтихан тапсыру рәсімдері бөлініп, онлайн-прокторинг жүйесі (білімді тексеру) енгізіледі. Сонымен қатар құжаттарды қолдан жасаудың алдын алу үшін оқыту ұйымдары мен берілген сертификаттарды Бірыңғай цифрлық жүйеде міндетті тіркеу қарастырылады.

Әлеуметтік әріптестікті дамыту бағыты бойынша бүгінде елімізде 4 республикалық, 58 салалық, 25 аумақтық және 444 жергілікті кәсіподақ жұмыс істейді. Өзара іс-қимылды күшейту үшін HR Enbek порталында кәсіподақтардың автоматтандырылған жұмыс орны енгізілуде. Бұл жүйе келісімдерді цифрландыруға, кәсіподақ мүшелерінің есебін жүргізуге және еңбек жағдайларына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар министрлік ақпараттық жүйелер деректері негізінде кәсіпорындарды тәуекелдер туралы алдын ала хабардар ету тетігін енгізумен қатар, экономиканың түрлі салалары үшін (құрылыс, көлік, қоғамдық тамақтандыру және т.б.) үлгілік еңбек шарттарын әзірлеу жұмыстарын бастап кетті.

Жыл соңына дейін министрлік өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарымен қамтылған кәсіпорындар санын 130 мыңға жеткізуді, сондай-ақ өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициентін 1 000 жұмыскерге шаққанда 0,31 деңгейіне дейін төмендетуді жоспарлап отыр.

«Еңбек қауіпсіздігі – ең алдымен кәсіпорындардағы әлеуметтік тұрақтылықтың кепілі. Ұсынылып отырған шаралар тәуекелдерді ерте анықтауға, олардың алдын алуға және нақты бақылауды күшейтуге бағытталған. Министрлік Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тапсырмаларын орындау жұмыстарын жалғастырып, өндірістік тәуекелдерді төмендету мен жұмыскерлердің қауіпсіздігін арттыруға басымдық береді», – деп қорытындылады Асқарбек Ертаев.

  • 02.06.2026
  • 7
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Ертаев А. М.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика