• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Солтүстік Қазақстан облысының фермерлері «Кең дала 2» бағдарламасының тиімділігін атап өтті

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында көктемгі дала жұмыстары барысымен, сондай-ақ өңдеу және мал шаруашылығы салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Айдарбек Сапаров «Сервис Жарс» серіктестігінің тұқым шаруашылығында «Тризо» сұрыпты жұмсақ бидай егісінің жай-күйін көрді. Жалпы, көктемгі егіс 6 800 гектар алқапта жоспарланған, оның ішінде 4 мың гектардан астамы дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға бөлінген.

Өңірдегі ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен өткен кездесуде өсімдік және мал шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егіс науқанының штаттық режимде өтіп жатқанын, шаруашылықтардың қажетті материалдық-техникалық ресурстармен толық қамтамасыз етілгенін жеткізді.

«Вишневское» серіктестігінің директоры Павел Рафальский мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін ерекше айта келіп:

«Егіс науқанын агротехникалық тұрғыдан оңтайлы мерзімде аяқтауға жақындадық. Бұл “Кең дала 2” бағдарламасы аясында ерте қаржыландыру тиімділігінің нәтижесі. Дала жұмыстары басталғанға дейін техника толық дайындалып, минералдық тыңайтқыштар мен арзандатылған жанар-жағармай сатып алынды. Барлық негізгі дақылдарға қажетті көлемде тыңайтқыш енгізілді. Бұл болашақ өнімге де оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Осы бағыттағы жүйелі жұмыс үшін Үкіметке алғысымыз зор», — деді ол.

«Бүгінде агроөнеркәсіп кешенінің алдында өсімдік шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттырумен қатар, заманауи әрі бәсекеге қабілетті мал шаруашылығы жүйесін қалыптастыру стратегиялық міндеті тұр. Ол үшін жемшөп базасын нығайтып, заманауи өңдеу кәсіпорындарын іске қосып, мал шаруашылығы жобаларын жүзеге асыру керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, бұл бағытта барлық жағдай жасалған, кешенді жоспар әзірленіп, кезең-кезеңімен іске асырылуда. Сондықтан барынша белсенді қатысып, мемлекет тарапынан жасалынып жатқан мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануға шақырамын», — деді Айдарбек Сапаров.

Жұмыс сапары барысында министр сондай-ақ «Salar Farm» серіктестігінің жоңышқадан түйіршіктер мен престелген тайламалар өндіретін зауыт құрылысымен танысты. Кәсіпорынның жылдық қуаты 60 мың тонна өнім, ал инвестиция көлемі — 5,5 млрд теңгені құрайды.

Жоба Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында қолға алынуда және жоғары ақуызды жемшөпті Қытайға, Орталық Азия елдеріне, БАӘ мен Еуропаға экспорттауға бағытталған.

Сондай-ақ Айдарбек Сапаров «Зенченко и К» кәсіпорнының көктемгі дала жұмыстарын аралап көрді. Алқапта кеше «Прерия» сұрыпты арпа себу басталды.

Жалпы, шаруашылық 37,9 мың гектардан астам алқапта көктемгі дала жұмыстарын жүргізуде. Қазір 20 мың гектар жерге жүргізілген, оның ішінде дәнді, майлы, мал азықтық дақылдар мен картоп бар. Биылғы өнім үшін 3,7 мың тоннадан астам минералдық тыңайтқыш енгізілген.

«Зенченко и К» кәсіпорны заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен жабдықталған. Шаруашылықта 252 техника бірлігі бар, оның ішінде 16 егіс кешені, 71 трактор және 64 астық жинайтын комбайн жұмыс істейді. Бұл дала жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай мерзімде жүргізуге мүмкіндік береді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша министр өңірде көктемгі дала жұмыстарының ұйымдасқан түрде жүргізіліп жатқанын және өңдеу мен мал шаруашылығы салаларындағы жобалардың жүйелі жүзеге асырылып отырғанын атап өтті.

Жалпы, биыл Солтүстік Қазақстан облысында 4,3 млн гектар жерге егін егіледі. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар — 2,905 млн, майлы дақылдар 908 мың, мал азықтық дақылдар 405 мың, картоп 8,6 мың, дәндік жүгері 15 мың, көкөніс дақылдары 1,4 мың гектарды құрайды.
Өңірде 10,3 мың трактор, 6,6 мың астық жинайтын комбайн және 12,3 мың сепкіш бар.

«Кең дала 2» бағдарламасы аясында 567 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден 99,4 млрд теңгеге өтінім түскен. Оның ішінде 93,1 млрд теңге көлемінде 527 несие беріліп, нәтижесінде 1,2 млн гектар егіс алқабы жеңілдетілген қаржыландырумен қамтамасыз етілді.

«Жеңілдікті лизинг» бағдарламасы бойынша 24,1 млрд теңгеге 177 өтінім түсіп, 14,7 млрд теңгеге 215 ауыл шаруашылығы техникасын жеткізуге 127 келісімшарт жасалды.

  • 02.06.2026
  • 3
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика