• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Моңғолия сауда және аграрлық ғылым салаларында ынтымақтастықты күшейтуге уағдаласты

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Нямтайширын Номтойбаярмен кездесті.

Кездесу барысында агроөнеркәсіп кешенінде екіжақты ықпалдастықтың басым бағыттары, оның ішінде өзара сауда, логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру, аграрлық ғылымды дамыту, сондай-ақ ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.

Айдарбек Сапаров Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың 2026 жылғы сәуір айындағы Қазақстанға мемлекеттік сапары қазақ-моңғол қатынастарының дамуына жаңа серпін беріп, екі ел ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтергенін атап өтті.

«Мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген келісімдер сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және аграрлық саладағы әріптестікті кеңейтуге мүмкіндіктер ашады. Бүгінде елдеріміздің ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша тауар айналымы қарқынды өсіп келеді. Биылғы жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 10 пайызға артты. Біз астық, ұн, күнбағыс майы, күріш және жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу көлемін ұлғайтуға дайынбыз», — деді министр.

Өз кезегінде Нямтайширын Номтойбаяр да екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті зор екенін және осыған дейін қол жеткізілген келісімдерді іс жүзінде жүзеге асырудың маңыздылығын айта келіп:

«Моңғолия Қазақстанды аграрлық саладағы маңызды әрі болашағы зор серіктес ретінде қарастырады. Бізде сауда мен логистикадан бастап өңіраралық серіктестікке дейін өзара мүдделердің ауқымы кең. Біз тауар айналымын арттыруға, тұрақты көлік және логистикалық тізбектерді дамытуға, сондай-ақ өңіраралық байланыстарды тереңдетуге мүдделіміз. Бірлескен бастамаларды іске асыруда жүйелі жұмыс шешуші рөл атқарады», — деді ол.

Кездесу барысында фитосанитарлық қауіпсіздік пен өсімдіктер карантині мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді. Екі елдің бейінді ведомстволары фитосанитарлық жағдай туралы ақпарат алмасу, карантиндік зиянды организмдерді анықтау және диагностикалау бойынша іс-қимылды үйлестіру, сондай-ақ бақылау саласындағы нормативтік базалар мен талаптарды үйлестіру бағыттарын көздейтін ынтымақтастық туралы меморандум жобасын келісуді жалғастыруда.

Сондай-ақ тараптар тері мен жүн өңдеу, аграрлық ғылымды дамыту және білім беру бағдарламалары саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Қазақстан тарапы тұқым шаруашылығы бойынша бірлескен жобаларды, атап айтқанда, дәнді дақылдар, картоп, көкөніс және жеміс-жидек дақылдарының тұқымын өндіру бағыттарын пысықтауды, сондай-ақ жылқы шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Кездесу нәтижесінде тараптар аграрлық саладағы серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендерін жеткізді және ортақ мақсат қос мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрі тұрақты дамуға ықпал ететініне сенім білдірді.

  • 02.06.2026
  • 3
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика