• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанның Иранға агроөнеркәсіп өнімдері экспорты 97%-ға артты

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кен өндіру және сауда министрі Сейед Мохаммад Атабакпен кездесті.

Тараптар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, өзара сауда және инвестициялық әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады.

«Қазақстан Иранмен аграрлық саладағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше мән береді. Біздің өнімдеріміз бірін-бірі толықтырып отырады, оған жыл сайынғы тұрақты өсім нақты дәлел», – деді Айдарбек Сапаров.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша аталған салада екі елдің тауар айналымы 55,8%-ға өсіп, 342 млн АҚШ долларына жетті. Бұл екіжақты сауданың жалпы көлемінің 79%-ын құрады. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 97%-ға артып, 238,5 млн АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, астық жеткізу көлемі екі еседен астам ұлғайып, 1,1 млн тоннаға жетіп, 225,3 млн АҚШ долларын құрады.

Осыған байланысты кездесу барысында Иранға астық экспортын ұлғайту, халықаралық ветеринариялық және халал стандарттарына сәйкес келетін сиыр және қой етін жеткізу көлемін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Иран нарығына өсімдік майлары мен басқа да азық-түлік өнімдерін жеткізу әлеуеті зор екені айтылды.

Сейед Мохаммад Атабак Иранның Қазақстанмен сауда-экономикалық ықпалдастықты күшейтуге мүдделі екенін жеткізді.

«Қазақстан – Иранның өңірдегі маңызды серіктестерінің бірі. Біз өзара тауар айналымын одан әрі арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерінің тасымалын кеңейтуге, логистикалық бағыттарды дамытуға, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кооперация саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылығымыз зор», – деді Иранның Өнеркәсіп, кен өндіру және сауда министрі.

Кездесуде инвестициялық ынтымақтастық та назардан тыс қалмады.

Айдарбек Сапаров ирандық инвесторларды ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және терең өңдеу саласында, атап айтқанда, астық және майлы дақылдарды өңдеу бағытындағы жобаларға қатысуға ұсыныс білдірді.

Кездесу соңында тараптар агроөнеркәсіптік кешеннің барлық негізгі бағыттары бойынша белсенді әріптестікті жалғастыруға ынталы екендерін жеткізді.

  • 02.06.2026
  • 3
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика