- Блогтар
- Аринов Ч.С.
Аринов Ч.С.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі
Қазақстанның ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының үздік түлектеріне алғашқы офицерлік шендер табыс етілді
4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтті. Сол күні еліміздің әскери және арнаулы жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне алғашқы офицерлік шендер табыс етілді.
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының түлегі Диас Талғатұлына «азаматтық қорғау аға лейтенанты» арнайы шенін табыс етті. Биыл Академия тарихында алғаш рет үздік тәмамдаған түлектерге оқуын аяқтағаннан кейін бірден азаматтық қорғау аға лейтенанты арнайы шені берілді.
Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің қолынан лейтенанттық погондарды Әліби Рүстамұлы, Әділ Әзімжан, Төрекелді Төлеш, Рүстем Оразбай, Нұралы Көпесов және Қуаныш Әбутәліп алды. Жас офицерлер үшін маңызды сәтті бөлісуге олардың ата-аналары мен жақындары арнайы келді. Олар алғашқы офицерлік шендерді табыстау рәсіміне куә болып, туған-туыстарының өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын бірге қарсы алды.
Академияны тәмамдағаннан кейін жас офицерлер еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі азаматтық қорғау органдарының бөлімшелерінде қызметтерін жалғастырады.
- 04.06.2026
- 3


