- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков көшпелі кездесу форматында Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен жүздесті. Кездесуге Қабанбай батыр, Жангелдин көшелерінің, 21-шағынауданның және Береке тұрғын алабының тұрғындары қатысты.
🔷 Кездесу барысында қала тұрғындары инфрақұрылым желісін дамыту мен өмір сүру сапасын арттыруға қатысты бірқатар өзекті мәселені көтерді. Атап айтқанда, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және күтіп-ұстау, кәсіпкерлік нысандары мен дренаж жүйелерінің жұмысы, баспана және жер телімдерін берудің кезегі бойынша өтініштер айтылды.
🔷 Сондай-ақ, тұрғындарға үйлерді жаңарту бағдарламасын іске асырудың тетіктері түсіндіріліп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, автотұрақ орындарын ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу мәселелері бойынша жауаптар берілді.
- 08.06.2026
- 6


