• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ертаев А. М.
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан ХЕҰ алаңында жұмыспен қамту саласын цифрлық трансформациялау стратегиясын таныстырды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Женеваға (Швейцария) жасаған жұмыс сапары аясында Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) ұйымдастырған Халықаралық еңбек конференциясының 114-сессиясының пленарлық отырысында баяндама жасады. Ол технологиялар мен жасанды интеллектінің қарқынды дамуы жағдайында Қазақстанның әлеуметтік-еңбек саласын жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы айтты. Министр сессия жұмысына Қазақстан делегациясын бастап барғанын айта кету керек. Оның құрамына жұмыс берушілер мен кәсіподақтар өкілдері кірді.

Өз сөзінде ведомство басшысы Қазақстан ХЕҰ Бас директорының «Таңдау сәті: лайықты еңбекті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллектіні пайдалану» атты баяндамасында айтылған тұжырымдарды толық қолдайтынын атап өтті. Сонымен қатар ол 2026 жыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанын айтып, бұл еңбек нарығын басқаруда мемлекеттің рөліне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

«Бүгінде жасанды интеллект еңбек нарығын бұрынғы технологиялық революцияларға қарағанда әлдеқайда жылдам өзгертуде. Жасанды интеллект болмаған кезеңде еңбек саясаты көбіне салдармен күресуге негізделді. Адам жұмысынан айырылса – біз оны қайта оқыттық, өндірісте жазатайым оқиға болса – бақылауды күшейттік. Алайда қазіргі жағдай мұндай тәсілдің жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Сондықтан әлемдегі еңбек министрліктері салдарларға әрекет етуден өзгерістерді алдын ала болжауға және деректерге негізделген тәуекелдерді басқаруға көшуі қажет», – деді Асқарбек Ертаев.

Қазақстанда жұмыспен қамтуды болжаудың ұлттық жүйесі қалыптастырылуда. Ол автоматтандыру қаупіне ұшырауы мүмкін мамандықтарды алдын ала айқындауға мүмкіндік береді. Министрдің айтуынша, 2035 жылға қарай жасанды интеллект Қазақстандағы жұмыс күшінің шамамен 41%-ына белгілі бір деңгейде әсер етеді.

Сонымен қатар толық автоматтандыру қаупі төніп тұрған жұмыс орындарының үлесі 1%-дан аз болады. Бұл мамандықтардың жойылуын емес, олардың ішіндегі еңбек міндеттері мен функцияларының қайта құрылуын білдіреді.

Азаматтардың жаңа дағдыларды меңгеруін қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық кәсіптерді трансформациялау орталығы құрылуда. Оның аясында азаматтар жұмысынан айырылу қаупі туындамай тұрып-ақ жеке траекториялар бойынша қайта даярлау курстарынан өте алады. Сонымен бірге Ұлттық біліктілік жүйесі шеңберінде жаңартылған экономиканың сұраныстарына сәйкес 600-ден астам кәсіптік стандарт өзектендірілуде.

Технологиялық жаңғырту еңбек қауіпсіздігі саласын да қамтып отыр. Еңбек қатынастары саласында құрылып жатқан цифрлық экожүйе өндірістік жарақаттану себептері мен қызметкерлер құқықтарының бұзылу тәуекелдерін ерте кезеңде анықтау үшін жасанды интеллект шешімдерін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл еңбек инспекциясының жұмысын бақылаудан профилактикаға бағыттауға жол ашады.

Сонымен қатар елімізде проактивті қағидат бойынша жұмыс істейтін жаңа буынның цифрлық жұмыспен қамту қызметтері енгізілуде. Жасанды интеллект технологиялары арқылы жұмыс іздеушілерге бос жұмыс орындары мен оқыту мүмкіндіктері бойынша жеке ұсынымдар қалыптастырылады.

Бүгінгі таңда осындай 50 мыңнан астам ұсыным берілген. Жалпы алғанда, жоба аясында кемінде 600 мың азаматты қамту жоспарланып отыр.

«Жасанды интеллект мемлекеттік шекарамен бөлінбейді. Сондықтан бұл бағыттағы сын-қатерлерге жауап та бірлесіп қалыптастырылуы қажет. Қазақстан ХЕҰ-ның жасанды интеллектіні енгізу қызметкерлердің дағдыларын дамыту, еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік диалогты нығайтумен қатар жүруі тиіс деген ұстанымын қолдайды. Біз әділеттілік, қауіпсіздік, инклюзивтілік және адам қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарына негізделген болашақ еңбек нарығының жаһандық күн тәртібін қалыптастыруға белсенді қатысуға дайынбыз», – деп түйіндеді министр.

  • 09.06.2026
  • 7
Ертаев А. М.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Ертаев А. М.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика